103
46 — сурет. Көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителий (мысық терісінің
эпидермисі)
1 — мүйізді қабат, 2 — жылтырауық қабат, 3 — дəншелі қабат, 4 — қылтанақты
қабат, 5 — базальды қабат, 6 — борпылдақ дəнекер ұлпасы, 7 — тер бездерінің шығару
өзегі.
Базальды қабат негіздік жарғақпен тікелей жанасады. Ол бір қабатта
орналасқан
призма
тəрізді
эпителиоциттерден
тұрады.
Эпителий
жасушаларының сопақ келген ядролары бір қатарда жатады. Эпителиоциттер
митоз арқылы үздіксіз бөлініп көбейіп, жоғарғы эпителий қабаттары үшін,
діңгекті жасушалардың қызметін атқарады. Сондықтан, базальды қабатты
өсу қабаты деп те атайды. Көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителийдің
эпителиоциттері цитоплазмасында тонофиламенттер (мүйізді жіңішке
жіпшелер) мен қатты мүйізді зат — кератинді түзетін арнайы белоктар
синтезделеді. Сондықтан, эпидермистің эпителиоциттерін
кератиноциттер
— деп те атайды.
Достарыңызбен бөлісу: