К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет102/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Көпқабатты ауыспалы эпителий кабырғалары созылып жəне
тартылып тұратын түтікше несеп бөлу мүшелерінің (бүйрек түбегі, 
несепағар, куық) кілегейлі қабықтарын астарлайды. Эпителиоциттер
қабаттарының саны аталған несеп бөлу мүшелерінің физиологиялық 
жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Мүшелер зəрге толып,
қабырғасы керілген кезде, эпителий ұлпасы 2-3 қабат эпителий 
жасушаларынан тұрады. Ал зəр сыртка шығыл, қуысы босап, қабырғасы
қалпына

келіп
тартылған 


жағдайда,
ол

қалыңдап,


10-12

қабат
эпителиоциттерден құралады. 


Көпқабатты ауыспалы эпителий ұлпасы үш: базальды, аралық жəне
жабынды эпителиоциттер қабаттарынан тұрады. 


Базальды қабатты негіздік жарғакта бір қабатта орналасқан пішіні мен
мөлшері əр түрлі: текше тəрізді күңгірт түсті, дөңгелек ядролы ұсақ жəне 
ақшыл түсті сəл ірірек эпителиоциттер құрайды. Базальды эпителиоциттер
митозды бөлініп, діңгекті жасушалардың қызметін атқарады. 


47 - сурет. Көпқабатты ауыспалы эпителий (қойдың бүйрегі түбегінің эпителий 

қабаты). А. С. Лежава бойынша
а, б - жабынды қабаттың эпителиоциттері, в - аралық қабаттың эпителиоциттері, г - 
митоз, д - базальды қабаттың эпителиоциттері,
е — борпылдақ дəнекер ұлпасы. 


Аралық қабат цитоплазмасы ақшыл түсті көпбұрышты жəне алмұрт
тəрізді эпителий жасушаларынан тұрады. Бұлардың қабаттарының саны 
мүшенің физиологиялық жағдайына байланысты өзгеріп отырады.
Жабынды қабаттың эпителиоциттері пішіні күмбез тəрізді, тым ірі,
көбіне екі-үш ядролы жəне полиплоидты (хромосомаларының жиынтығы 
бірнеше есе) болып келеді. Жабынды эпителиоциттер кілегейлі қабықтың
ішкі бетін сылап, зəрдің зиянды əсерлерінен қорғап тұратын кілегей бөледі. 
Көпқабатты ауыспалы эпителий мезодермадан дамиды.


Безді эпителий 

Безді эпителий жануарлар организміндегі əр түрлі бөлінділер (секрет, 


инкрет - гормон) бөлетін бездердің негізгі қызметін атқаратын жұмысшы


105
бөлігі — паренхимасын құрайды. Безді эпителийдің бөліндіні бөлу процесін 




секреция (лат. secretio — белу) — деп атайды. Бездердің секрециясы арқылы
жануарлар организмдерінде көптеген маңызды қызметтер, мысалы, сүттің, 
сілекейдің, қарын мен ішектер сөлдерінің, ұйқы безі сөлінің, өттің, терідегі
тер мен тері майының, организмнің ішкі сұйық ортасына бөлінетін 
гормондардың жəне т.б. тіршілік үшін тым қажет заттардың түзілуі іс жүзіне
асады. Бездердің аталған маңызды қызметтерін без паренхимасы іске 
асырады. Без паренхимасы бөліндіні синтездеуге, жинауға, сактауға жəне
бөліп

шығаруға


маманданған 
безді
эпителий 

жасушаларың





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет