К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет98/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

эпителиоциттер кездеседі. Олар эпителийдің ішкі бетін сылап, ауадағы
шаңтозаңдарды, микроорганизмдерді жабыстырып алатын кілегей бөледі. 


44 - сурет. А - Бірқабатты көпқатарлы призма тəрізді кірпікшелі эпителий 
I - кірпікшелі эпителиоциттер, 2 - ендірме эпителиоциттер, 3 — кұты тəрізді 
жасушалар (біржасушалы без), 4 - негіздік жарғақ, 5 - борпылдақ дəнекер ұлпасы.
Б - кірпікшелі эпителий ұлпасының оқшауланған жасушалары 

Кірпікшелер кілегейді тыныс жолдарымен сыртқа қарай қозғап ағызып, 


жинақтап, қақырыққа айналдырады. Аталған эпителиоциттер тыныс


жолдарының қабырғасын шектеумен қатар, қорғаныс қызметін атқарады. 
Эпителий қабатының кұрамында тым аласа түйіршікті базальды жасушалар
да

кездеседі.


Олар


биологиялық 


белсенді
заттар

бөлетін


эндокриноциттер. Бірқабатты көп қатарлы призма тəрізді кірпікшелі
эпителий — деп аталу себебі, эпителийдің барлық жасушалары бір қабатта 
орналасып, негіздік жарғақпен жанасады. Бірақ, эпителиоциттерінің биіктігі
əр түрлі болғандықтан, олардың ядроларының пішіндері де əр түрлі болып, 
олар əр түрлі деңгейде орналасып, көп қатар түзеді. Жұмыртқа жолы
кілегейлі қабығын астарлайтын кірпікшелі эпителий жасушаларының 
кірпікшелері жұмыртқа жасушалардың (овоциттердің) жұмыртқа жолы
қуысымен жатырға қарай қозғалуын қамтамасыз етеді. 
Бірқабатты көп қатарлы кірпікшелі эпителий мезодермадан (ен
қосымшасының өзегі жəне жұмыртқа жолы қабырғаларының эпителий 
қабаттары) жəне энтодермадан (тыныс жолдары мүшелерін астарлайтын
эпителий қабаттары) дамиды. 
Көпқабатты эпителий ұлпалары 
Көпқабатты эпителий ұлпалары жоғарғы жасушалар қабаттарындағы 

эпителиоциттердің пішініне байланысты: көпқабатты жалпақ эпителий жəне


көпқабатты ауыспалы эпителий болып екі топқа бөлінеді. Көпқабатты 
жалпақ эпителийдің өзі сыртқы бетінде мүйізді қабаттың болуы не
болмауына қарай: көпқабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий жəне 
көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителий болып бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет