119
синтездеуге керек темірді(Ғе) базофилді нормоциттерге макрофагтар əкеледі.
Олар темірді тіршілігін тоқтатқан ескі эритроциттерді фагоцитоз арқылы
жою кезінде өздеріне қабылдап сіңіреді. Осының аркасында, базофилді
нормоциттер цитоплазмасының ядро маңы ақшыл аймағында гемоглобиннің
саны көбейіп қорлана бастайды. Базофилді нормоциттер митозбен бөліну
арқылы мөлшері майда келген
полихроматофилді нормоциттерге
айналады. Цитоплазмасында гемоглобин қорының көбейе бастауына
байланысты, полихроматофилді (көптүсті) нормоциттердің цитоплазмасы
негіздік жəне қышқылдық бояулармен көкшіл-қызғылт түске боялады.
Эритролоэз қатарындағы жасушалар даму сатылары барысында 5 — 6 рет
митоз
арқылы
бөлініп
көбейеді.
Полихроматофилді
нормоциттер
гемоглобиннің жеткілікті қорын жинап, соңғы рет бөлінгеннен соң, олардан
цитоплазмасы қышқылдық бояулармен қызыл түске боялатын оксифилді
Достарыңызбен бөлісу: