К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 — сурет. Плазмоциттің даму нобайы (Вайс бойынша)



бет125/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

54 — сурет. Плазмоциттің даму нобайы (Вайс бойынша) 
1 — плазмоцит бастама жасушасы (жартылай діңгекті жасуша), 2 — плазмобласт, 3 
— балғын плазмоцит, 4 — эндоплазмалық тор өзекшелері
кеңейген плазмоцит, 5 — жетілген плазмоцит. 


Лимфоциттер — қаннан ұлпаларға өткен қозғалмалы қан жасушасы. 

Ұлпадағы лимфоциттер негізінен кіші лимфоциттер. Соңғы кездегі


галымдардың тұжырымдауынша, ұлпадағы кіші лимфоциттер — қан жəне 
дəнекер ұлпалары жасушалары дамып жетілетін діңгекті жасушалар.

Плазмоциттер — қаннан ұлпаларға өткен В лимфоциттердің туынды
жасушалары. Қан жасау мүшелерінде (көкбауыр, лимфа түйіндері) Т хелпер 
лимфоциттері мен макрофагтардың ыкпалы арқасында, В лимфоциттердің
белсенділігі артып, олар жедел көбейеді де, алдымен плазмобласттарга 
(иммунобласттарға), одан кейін проплазмоциттерге, соңынан плазмоциттерге
айналады. 


Плазмобласттар — мөлшері 25-30 мкм ірі жасушалар. Олардың
цитоплазмасы орталығында орналасқан ақшыл ядроларында 1-2 ядрошық 
көрінеді. Цитоплазмаларында бос рибосомалар мен полисомалар көптеп, ал


125
митохондриялар мен эндоплазмалық тор сирек кездеседі. Плазмобласттар 


митоз арқылы бөлініп көбейеді.


Проплазмоциттердің % мөлшерлері плазмобласттармен салыстырғанда
кішілеу келеді. Бұлардың цитоплазмасы анық көкшіл түске боялады. Себебі, 
гранулалы эндоплазмалық тордың саны жедел көбейіп, олардың өзекшелері
кең қапшыктарға айнала бастайды. Эндоплазмалықтор өзекшелерінің 
аралықтарында майда митохондриялар болады.

Жетілген плазмоциттердің мөлшері 8-10 мкм. Пішіні сəл сопақ жəне
бұрышты

келген
плазмоциттердің 


дөңгелек
ядросы

базофилді


цитоплазмаларының 
бір
шетіне

ығыса
орналасады. 


Плазмоциттер
ядроларының маңындағы ақшыл келген аймақта Гольдж кешені мен 
центросоманы көруге болады. Цитоплазманың қалған бөлігінде гранулалы
эндоплазмалық тор өзекшелері бір-біріне тығыз қабаттасып жатып, оның 
көкшіл түске боялуына əсерін тигізеді. Эндоплазмалықтор өзекшелерінің
сыртқы жағында көптеген полисомалар орналасады. Эндоплазмалық тордың 
күшті
жетілуі


антиденелерді 


құрайтын
белоктардың 
белсенді
түзілетіндігінің айғағы. Жетілген плазмоциттер бөлінбейді. Қызметін 
тоқтатып ескірген плазмоциттерді макрофагтар фагоцитоз арқылы жояды.
Плазмоциттер 
борпылдақ
дəнекер

ұлпасында,


көбіне,

қанмайында,


көкбауырда, лимфа түйіндерінде) көбірек кездеседі. Плазмоциттер иммунды 
денелерді түзіп, оларды организмнің ішкі сұйық ортасына шығарады да,
организмдегі 
сұйықтық
(гуморальдық) 
иммунитетті
қалыптастырады 
тамырлары маңында орналасады. Олар, əсіресе, ішектер кілегейлі
қабықтарының өзіндік тақташаларында, шарбыларда, сұт, сілекей жəне т.б. 
бездердің стромаларында, қан жасау мүшелерінде (сүйектің қызыл кемігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет