14
қолда өсірілген жасушаларды зерттеу əдісін "шыны ыдьктағы зерттеу"
немесе "in vitro"(лат. vitrum — шыны) əдісі — деп атап кетті. Казіргі кезде
жасушалар өскіндері көбінесе стерильді пластмасса ыдыстарда өсіріледі.
Жасанды ортада ыдыста өсірілеұлпа мүшелер мен ұлпалар өскіндеріне
(культураларына) тірі организмнің тіршілігіне ұқсас жағдай тудырса, онда
өскіндегі жасушалар бөліну арқылы көбеюге, қозғалуға, тірі организмде
аткаруға тиісті кызметтерін атқаруға бейім келеді. Өскіндегі жасушаларға
арнайы жағдайлар тудыру арқылы, оларды басқа қызметтер атқаруға
мамандандырып
бағыттауға
да
болады.
Микрохирургия
əдістерін
пайдаланып, өскіндегі бір жасушаның ядросын екінші жасушаға салып,
жасуша геномын өзгертуге, екі түрлі ұлпалар жасушаларын біріктіруге, əр
түрлі сынама заттардың тірі жасушаларға өсерін зерттеуге мүмкіңдік береді.
Этикалық жағынан алғаңда, аталмыш əдіс — адам ұлпалары мен
жасушаларына түрлі медициналық тəжірибе жасауға толық мүмкіндік
тудыратын бірден бір биологиялық əдіс. Мүшелерден кесіп алынған ұсақ
бөлікшелерден жасушалар өскіндерін дайыңдау үшін, оларды протеолиттік
трипсин ферментімен өңдеу арқылы жасушаларды бір-бірінен ажыратып,
жасанды
қоректік
ортада
шашыла
орналасқан
жасушалар
өскінін
(суспензиясын) алады. Жасушалар өскіні қоректік ортада суспензия түрінде
немесе өскін ыдысының түбінде, болмаса қоректік ортадағы нысаңдық шыны
беұлпаде бір кабатта тұтаса жатып өсіп жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: