127
сияқты ірі шоғыр будалар түзбейді. Негізгі аморфты зат — борпылдақ
дəнекер
ұлпасының
жасушалары
мен
талшықтары
аралықтарында
орналасқан пішінсіз мөлдір құрылым. Оның құрамына қан белоктары,
гормондар,
амин қышқылдары, қант, су тағы басқа заттар кіреді. Аморфты
зат арқылы ұлпа сұйығы үздіксіз қозгалыста болып, ағып жатады.
Тығыз дəнекер ұлпалары
Тығыз дəнекер ұлпаларының жасушааралық затын дəнекер
ұлпасының түріне байланысты негізінен өте тыгыз орналасқан коллаген
немесе эластин талшықтары құрайды. Бұлардың
негізгі аморфты заты мен
жасушалары борпылдақ дəнекер ұлпасымен салыстырғанда тым аз болады.
Тығыз дəнекер ұлпаларының жасушаларын
фиброциттер — деп атайды.
Фиброциттер пішіні ұзынша келген, ядролары таяқ тəрізді, жасушааралық
затты түзу қабілетінен айырылған жасушалар.
Жануарлар организмдерінде
тығыз дəнекер ұлпалары тіректік жəне қорғаныс қызметтерін атқарады.
Тыгыз дəнекер ұлпалары талшықтарының орналасу бағыттары, оларға
сырттан əсер етуші күштің бағытына сəйкес келеді. Талшықтарының
орналасу сипатына қарай тығыз дəнекер ұлпалары қалыптасқан жəне
қалыптаспаған болып екіге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: