К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 — сурет. Плазмоцитгің ультрақұрылымы (Бесс бойынша)



бет126/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

55 — сурет. Плазмоцитгің ультрақұрылымы (Бесс бойынша). 
1 — гранулалы эндоплазмалық тор, 2 — хроматин, 3 — ядрошық, 4 — кариолемма,
5 — кариолемма тесіктері, 6 — бос рибосомалар, 7 - Гольдж кешені, 8 — центриольдер, 9 
— бөлінділі (секретті) көпіршіктер.


Шырлы жасушалар (лаброциттер, ұлпа базофилдері) құрылысы 
қандағы базофилді лейкоциттерге ұқсас. Бірақ, ұлпаларда болатындықтан,
олар ұлпа базофилдері — деп аталады. Мөлшері 10-22 мкм лаброциттердің 
пішіні əр түрлі (сопақ, дөңгелек, қысқа өсінділі) болып келеді. Хроматиндері
тығыз жатқан ядролары жасуша цитоплазмасының орта шенінде орналасады. 
Лаброциттер цитоплазмаларында цитохимиялық əдістердің көмегімен
көптеген ферменттердің (липаза, қышқылдық жəне сілтілік фосфатаза, 
пероксидаза, цитохромоксидаза, АТФ — аза т.б.) бар екендігі анықталды.
Шырлы жасушаларда органеллалар (митохондриялар, Гольдж кешені, 
эндоплазмалық тор) нашар жетілген. Сондықтан, олар нашар байқалады.
Ұлпа базофилдерінің цитоплазмаларында көкшіл түске боялған ірі арнайы 
дəншелер (0,3-1,0 мкм) болады. Дəншелер цитоплазмада тығыз да біркелкі
таралып жатады. Бірақ, олардың құрылысы мен тығыздығы түрліше (торлы, 
тақташа, кристалл тəрізді, аралас) болып келеді. Шырлы жасушалар негізінен


126
микроайналым арналарының тамырлары (артериолалар, капиллярлар, 


венулалар) мен лимфа капиллярлары жəне жіңішке лимфа тамырлары


қабырғалары маңында топтасып жатады. Сондықтан, қан немесе лимфа 
арқылы келген антигеңдерге шырлы жасушалар бірінші болып жауап береді.
Қандағы базофилді лейкоциттердегі сияқты, бұлардың плазмолеммаларының 
сыртқы бетінде де, Е иммундыглобулиндері болады. Шырлы жасушалар,
əсіресе, ішек-қарындардың, жатырдың, сұт жəне айырша (тимустың) 
бездерінің, бадамшалардың борпылдақ дəнекер ұлпалық аралықтарында
көбірек кездеседі. Лаброциттер дəншелерінің құрамында гепарин, гистамин, 
дофамин, хондроитин күкіртқышқылының А жəне С лүрлері, гиалурон
қышқылы, ал кейбір жануарларда серотонин да болады. Антигендерге жауап 
беру нəтижесінде, антиген-антидене кешені түзіліп, шырлы жасушалар
дəншелерінің бұзылуына ықпалын тигізеді. Осы процестің нəтижесінде 
қоршаған ұлпаларға гепарин бөлінеді де, қанның ұюын, жасушааралық
заттың өткізгіштігін төмендеііп, қабыну процесінің өрбімеуіне ықпал етеді. 
Ал гистамин шырлы жасушалар дəншелері бүзылмай-ақ бөлінеді. Гистамин
шырлы жасушаларда гистидиндекарбоксилаза ферментінің қатысуымен 
гистидин амин қышқылынан түзіледі. Гистамин гепаринге қарсы əсер етеді.
Ол қан тамырлары мен жасушааралық заттың өткізгіштігін күшейтіп, 
антигендермен күресуге гранул алы лейкоциттердің, оның ішінде
эозинофилдердің борпылдақ дəнекер ұлпасына өтуіне мүмкіндік тудырумен 
қатар, осы ұлпалардағы макрофагтардың белсенділігін арттырады. Ұлпа
базофилдерінің 
организмдегі
аллергиялық 
жəне
анафилактикалық 

реакцияларға қатысатындығы анықгалды.



Ретикулоциттер — пішіні ұзынша келген көп өсінділі, дөңгелек ядролы
жасушалар. Олар бөліну арқылы көбейіп, басқа дəнекер ұлпалары 
жасушаларына айналуы ықтимал. Көбіне ретикулоциттер бір-бірімен өзара
өсінділері арқылы жалғасып, жасушалар байланысын (синцитийді) құрайды. 
Ретикулоциттер ретикулин (аргирофилді) талшықтарын түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет