К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет124/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Адвентициялық жасушалар аталуына сəйкес дененің түтікше
мүшелері мен қан жəне лимфа тамырларының сыртқы адвентиция 
қабықтарын түзетін борпылдақ дəнекер ұлпасында жиірек кездесіп,
камбиальды қызмет атқаратын жас, пішіні перицитке ұқсас, бірақ, 
капиллярлардан сəл шалғай орналасатын, ұзынша келген өсінділі сопақша
ядролы діңгекті жасуша. Адвентициялық жасушалардан фибробласттар, 
липоциттер, шырлы жасушалар өсіп жетіледі.

Липоцитте(май жасушалары) адвентициялық жасушалардан дамып
жетіледі. Олардың пішіні мен мөлшері, цитоплазмаларындағы май 
тамшыларының жиналған қоры мен май ұлпасының түріне байланысты. Жас
май жасушаларындағы, сондай-ақ, қоңыр май ұлпасы липоциттеріндегі 
жиналатын май тамшылары ұсақ болып келеді жəне олар бір-бірінен бөлек


124
жатады. Аталған жасушалардың дөңгелек келген ядролары цитоплазманың 


орталығында орналасады. Олардың органеллалары, əсіресе, агранулалы


эндоплазмалық торы жақсы жетілген. Липоциттер жетілген сайын май 
белсенді синтезделіп, май тамшылары үлкейе келе бір-бірімен қосылып, өте
үлкен бір май тамшысына айналады да, цитоплазманың үлкен бөлігін алады. 
Жасушаның мөлшері тым үлкейіп (150 мкм -ге дейін үлкеюі мүмкін), оның
ядросы плазмолеммаға қарай цитоплазманың бір шетіне ығысады. Бұндай 
липоциттер сақа жануарлар организміндегі ақ май ұлпасына тəн. Олар қан
капиллярлары маңында топтасып немесе жекелей орналасып, дененің 
белгілі-бір аймақтарында жиналып қорланатын май ұлпасын құрайды.
Гистиоциттер немесе ұлпа макрофагтары (грек, makros — үлкен; fagos 
— обыр, жемір) — пішіні сопақ немесе ұршық тəрізді моноциттен дамып
жетілетін қозғалмалы жасушалар. Организмдегі орналасу орындары мен 
қызметіне байланысты гистиоциттердің пішіні мен мөлшері (10-50 мкм)
өзгеріп отырады. Олар жекеленіп немесе топтасып орналасады. Олардың 
сопақ немесе лобия тəрізді келген ядролары цитоплазмаларының бір шетіне
сəл ығыса орналасады. Бұлардың органеллалары жеткілікті деңгейде 
жетілген, олардың ішіндегі ең көбі — лизосомалар. Организм ұлпаларына
түрлі бактериялар мен бөгде заттардың түсуіне байланысты гистиоциттер 
басқа ұлпа макрофагтары секілді пішіндерін өзгертіп, пайда болған жалған
аяқтарының көмегімен белсенді қозғалып, аталған тітіркендіргіштер түскен 
аймаққа жетеді. Олар ұлпалар мен мүшелерге түскен бөгде заттар мен
бактерияларды қармап, ерітіп жояды да, фагоцитоз процесін іс жүзіне 
асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет