К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет132/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

жасушалардың 

аймақтық негізі (матриксі) — деп атайды. Ал хондроциттерден оксифилді
(қызыл түске) боялып, олардан шалғай жатқан жасушааралық заттың 
аймағын аймақаралық негіз — дейді. Гиалинді шеміршек ұлпасының
жасушааралық затын гликозамингликандармен желімделген коллаген 
талшықтары құрайды. Коллаген талшықтары мен гликозамингликандардың
сəулелерді 
сындыру
көрсеткіштері 
бірдей
болғандықтан, 
гиалинді
шеміршектің жасушааралық заты біркелкі мөлдір болып келеді. Сондықтан, 
ұлпа гиалинді (грек, hyalinos — мөлдір, шыны тəрізді) шеміршек — деп
аталады. Гиалинді шеміршек мұрын қуысының шеміршек пердесін, көмекей, 
кеңірдек, бронхтар, төссүйек, қабырғалар шеміршектерін түзіп, тіректік жəне


131
қорғаныс қызметтерін атқарады. Гиалинді шеміршек омырылғыш жəне морт 


сынғыш келеді.




58 — сурет. Шеміршек ұлпалары А - гиалинді шеміршек ұлпасы, Б - эластинді 

шеміршек ұлпасы, В - талшыкты шеміршек ұлпасы, Г - шеміршек ұлпасының 

дамуы, Д - шеміршек жасушасының (хоңдроциттің) электронды микроскопиялық 

құрылысы 1 - шеміршекқап (а - талшықты қабат, б - жасушалы қабат немесе
хондробластты қабат), 2 — жас шеміршек жасушалары, 3 — жасушааралық зат, 4 - 
хондроциттердің изогенді топтары, 5 - эластинді талшықгар, 6 - хондробласт, 7 —
коллаген талшықтары, 8 — митохондрия, 9 — ядро, 10 - гранулалы эндоплазмалық тор, 11 
— гликоген, 12 — Гольдж кешені.
Эластинді шеміршек — құлаққалқаны мен көмекей бөбешігінің
(тілшік) негізін құрайтын серпімді шеміршек ұлпасы. Эластинді шеміршектің
жалпы құрылысы гиалинді шеміршекке ұксас, Айырмашылығы, оның 
жасушааралық затының құрамында қосымша эластин талшықтары болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет