К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Бірыңгай салалы жолақсыз ет ұлпасын



бет140/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Бірыңгай салалы жолақсыз ет ұлпасын пішіні ұршық тəріздес
ұзынша келген ет жасушалары — миоциттер құрайды. Бірыңғай салалы 
жолақсыз ет ұлпасы еріксіз жиырылады. Аталмыш ұлпа ішкі мүшелердің,
қан жəне лимфа тамырларының, без өзектеріның, көкбауырдың, терінің, 

137
еріксіз жиырылатын етті қабықғары мен қабаттарын түзеді. Ұлпа 


миоциттерінің мөлшері мүшелердің құрылысы мен физиологиялық


жағдайларына байланысты, ұзындығы -20 мкм -ден 500 мкм -ге, ені — 6 мкм 
-ден 20 мкм -ге дейін өзгеріп отырады. Олардың ұзынша келген ядролары
жасушалардың ортаңғы жуандау келген тұсында, ал органеллалары мен 
гликоген түйіршіктері ядро маңындагы цитоплазмада орналасады. Миоцит
цитоплазмасында жиырылу процесін іс жүзіне асыратын белокты жіпшілер 
миофибриллалар (арнайы органеллалар) жасушаның ұзын бойымен
бойлай орналасады. Олар кезегімен орналасқан актин жəне миозин 
миофиламенттерінен
құралған. 
Миозин
миофиламенттері 
актин
миофиламенттеріне қарағанда 3-24 есе жуан. Жиырылу процесі кезінде 

аталған миофиламенттер бір-біріне жанаса еніп, қысқарады. Миоциттер


сыртынан екі қабат қабықшамен: сыртқы негіздік жарғақпен жəне ішкі 
миоцит плазмолеммасымен қапталған. Бұлардың аралығында ені 15-20 нм
кеңістік қалады. Миоциттер бір-бірімен тым жіңішке коллаген жəне эластин 
талшықтары аралықтарымен өзара байланысып жатады. Бұл аралықтар
эндомизий - деп аталады. Ондаған миоциттер бір-бірімен тығаз (десмосома, 
нексус, тығыз байланыс) дəнекерлене байланысып, бірыңғай салалы ет
ұлпасының құрылымдық бірлігі — миоциттер шоғырларын жасайды. 
Олардың арасында ет ұлпасын қоректендіретін жəне оның қызметін
реттейтін қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер отетін, дəнекер ұлпалық 
аралықтар қалады. Бұл аралықтар перимизий — деп аталады. Бірыңғай
салалы ет ұлпасының қабықтары мен қабаттары сыртынан дəнекер ұлпалық 
қапшықпен қапталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет