К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Пішін мен қызмет біртұтастығы туралы заң



бет160/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   607
Пішін мен қызмет біртұтастығы туралы заң. Организмдегі əрбір
мүшенің пішіні мен құрылысы, оның денедегі орналасу орны мен атқаратын 
қызметіне тікелей байланысты.

Тұқым қуалаушылық жəне өзгергіштік заңы. Тұқым қуалаушылық
пен өзгергіштік барлық тірі организмдерге тəн жəне бір-біріне қарама-қарсы 
қасиеттер. Тұқым қуалаушылық организмге тəн құрылыстық жəне
қызметтік белгілердің жасушалар хромосомаларындағы тендер арқылы 
ұрпақтан ұрпаққа тұрақты берілуін қамтамасыз етеді. Қоршаған ортаның


154
əсерлеріне байланысты жануарлар организмдерінде жаңа белгілердің пайда 


болуы өзгергіштік — деп аталады.


Орын мен материалды үнемдеу заңы. Жануарлар организмдерінің
тіршілігіне тым қажет мүшелер мен мүшелер жүйелері құрылысы үнемді, 
көлемі шағын болып келеді. Бұл заңдылықты орталық жүйке жүйесі
мүшелерінің, 
жүректің,
бүйректің, 
бауырдың
құрылыстары 
мен
қызметтерінен байқауға болады. 


Омыртқалы жануарлар дене құрылысының заңдылықтары: 

1. Бірбіліктілік (лат. monaxonia — біросьтік, бірбіліктілік) немесе екі 

ұштылық (биполярлық) заңдылығы. Жануарлардың дене мүшелері
омыртқа бағанасын бойлай бассүйектен қүйрыққа қарай өтетін бір біліктің 
(осьтің) бойында орналасады. Дене білігінің бір-біріне қарама-қарсы бағытта
жатқан екі ұшы болады. Оның алдыңғы ұшында бассүйек (лат. cranium), ал 
артқы ұшында құйрық (лат. cauda) орналасады. Осыған байланысты дененің
алдыңғы жағына қараған бағыттарды краниальды, ал оның артқы жағына 
қараған бағыттарды каудальды бағыттар — деп атайды.
2. Сегментарлық (лат. cegmentum — бөлік) немесе метамерия (грек,
meta — кейін, meros — бөлік) зандылығы. Дене білігіне көлденең 
жұргізілген сегменттік жазықтықтар арқылы жануарлар денесін бірінен кейін
бірі орналасқан көптеген кесінді бөліктерге (сегменттерге) белуге болады. 
Денедегі сегментарлық зандылық, əсіресе, төменгі сатыдағы жануарларда,
мысалы, жауын құртының денесінде, насекомдардың құрсақ бөлігі мен 
олардың дернəсілдері (личинкалары) денелерінде жақсы байқалады. Дене
құрылысы тым күрделі сүтқоректі жануарлар денелерінде аталған 
зандылықты
қаңқадағы 
омыртқалар
мен

қабырғалардан,


олардың

аралықтарында


орналасқан 
сегменттік
қысқа

бұлшықеттерден,


ірі

магистральдыққан тамырларынан (қолқа, иық-бас баған т.б.) сегменттік


бөліктерге сəйкес таралатын қан тамырларынан, жұлыннан тарамдалатын 
жүйкелерден, яғни дененің теренде орналасқан мүшелерінен байқауға
болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет