156
бөлімдерден тұрады. Ал дене бөлімдері көптеген дене аумақтарына (regiones
(rg.) corporis) ажырайды.
Бас (caput) екі бөлімнен: ми сауыты (neurocranium) жəне бет бөлімінен
(splanchnocranium) құралған. Ми сауыты бөлімінің аумақтарына: шүйде (rg.
occipitalis), төбе (rg. parietalis), маңдай (rg. frontalis), самай (rg. temporalis),
құлақ қалқаны (rg. auricularis), ал бет бөлімінің аумақтарына: мұрын (rg.
nasalis), ауыз (rg. oralis), көз шарасы немесе аңғалақ (rg. orbitalis), жақаралық
(rg. intermandibularis) аумақтар жатады.
Мойын (cervix, s. collum) — бас пен тұлға аралығында орналасқан дене
бөлімі. Мойын бөлімі құлақ маңы (rg. parotidea) жəне желке (rg. nuchalis),
иық-бас (rg. brachiocephalica) жəне тес-бас бұлшық еттері (rg. sternocephalica),
көмекей (rg. laringea) жəне кеңірдек (rg. trachealis) аумақтарына ажырайды.
Мойынның төменгі жағында, төс-бас жəне
иық-бас бұлшық еттерінің
аралығында мойындырықтық (ойық) сай (sulcus jugularis) орналасады.
Тұлға (truncus) өз кезегінде: арқа-көкірек, бел-құрсақ жəне құйымшақ-
бөксе бөліктеріне бөлінеді.
Тұлғаның
арқа-көкірек бөлігі арқадан, көкіректен жəне кеудеден
құралған. Арка (dorsum) — деп, көкірек керегесінің (thorax) жоғарғы бөлігін
айтады. Оның екі жауырын
аралығындағы алдыңғы бөлігін шоқтық (rg.
interscapularis) — деп атайды. Арқаның сүйектік негізін көкірек омыртқалары
қүрайды.
Көкірек аумағы (rg. thoracica) -көкірек керегесінің екі бүйірін
құрайды. Оның сүйектік негізі қабырғалардан құралған. Көкірек керегесінің
төменгі жағын
кеуде (pectus) — деп атайды. Оның сүйектік негізі —
төссүйек. Кеуде өз кезегінде төс алды (rg.praesternalis) жəне төс (rg. sternalis)
аумақ-тарына бөлінеді. Көкірек керегесінің сүйектік негізі көкірек
омыртқаларынан, қабырғалардан жəне төссүйектен құралған.
Тұлғаның
бел-құрсақ бөлігіне бел (lumbus) жəне
құрсақ (venter,
abdomen) жатады.
Құрсақ өз кезегінде алдыңғы, ортаңғы жəне артқы
бөлімдерге бөлінеді. Құрсақтың алдыңғы бөлімінің (epigastrium) екі бүйірін
оң қабырғаастылық (rg. Hypochondrica dextra) жəне сол қабырға астылық (rg.
hypochondrica sinistra), төменгі жағын семсерше шеміршек (rg. xyphoidea)
аумақтары,
ортаңғы бөлімінің (mesogastrium) жоғарғы жағын бел немесе
бүйрек аумағы (rg.
lumbalis, s. renalis), екі бүйірін оң бүйірлік құрсақ (rg.
abdominis lateralis dextra) жəне сол бүйірлік құрсақ аумақтары (rg. abdominis
lateralis sinistra), төменгі жағын кіндік аумағы (rg.umbilicalis), ал
артқа
Достарыңызбен бөлісу: