К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет161/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   607
3. Екіжақтылық немесе билатеральды (лат. bi — екі, latus — бүйір)

симметрия, болмаса антимерия (грек, anti — қарама-қарсы, meros — бөлік)

зандылығы. Жануарлар денесін омыртқа жотасының қыры арқылы дене
білігін бойлай жүргізілген тек бір ғана орталық (медиальды, лат. medius — 
орталық) сагиттальды (лат. sagitta — жебе) жазықтық қана тепе-тең екі
бөлікке бөледі. Дене бөліктерінің, не мүшелерінің орталық жазықтыққа 
қараған ішкі бетін медиальды, ал бүған қарама-қарсы жақтағы дене
мүшелерінің сыртқы бүйір бетін латеральды беттер — деп, аталған беттерге 
байланысты дене бағыттарын медиальды жəне латеральды бағыттар
дейді.

Эмбриондық кезеңдегі біліктік мүшелерге (хорда, жүйке жəне ішек


түтіктері) немесе ересек жануарлар денесінің арқасына (лат. dorsum — арқа) 
ойша параллельді жазықтықтар жүргізуге болады. Бұларды дорсальды
немесе фронтальды (лат. frons — маңдай) жазықтықтар — деп атайды. 

155
Аталған жазықтықтарға байланысты жануарлар денелерінде бір-біріне 


қарама-қарсы орналасқдн екі бағытты анықтауға болады. Олар: аталған


жазықтықтардан дененің арқасына қарай дорсальды, олардан дененің төменгі 
бетіндегі құрсағына (лат. ventrum — құрсақ) қарай вентральды багыттар. 
Дененің бас аумағында қолданылатын атаулар: 
Бастың алдыңғы жағына: ауызға немесе мұрынға қарай бағытталған 
бағытты оральды (лат. or — ауыз) немесе назальды (лат. nasus — мұрын),
болмаса ростральды (лат. rostrum — танау — шошқада) бағыт, ал бұған 
қарама-қарсы бастың артқы жағына қараған бағытты аборальды (лат. ab —
кері, or — ауыз) бағыт — деп атайды. 


Жануарлардың аяқтары аумақтарында қолданылатын атаулар: 
Аяқтар бөлімдерінің дене тұлғасына жақын орналасқан жоғарғы 
бөліктері, мысалы, жіліктердің бастары проксимальды (лат. proximus —
жақын) бөліктер, ал тұлғадан алыс жатқан аяқ бөлімдерінің төменгі 
бөліктерін дистальды (лат. distalus — алыс) бөліктер — деп аталады.
Аяқтардың алдыңғы беті дорсальды, сыртқы беті латеральды, ішкі беті 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет