К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет159/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

ЖАНУАРЛАР ОРГАНИЗМДЕРІ МҮШЕЛЕР 

ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МОРФОЛОГИЯСЫ 


VII тарау. ЖАНУАРЛАР ОРГАНИЗМДЕРІНІҢ КУРЫЛЫСЫ МЕН 

ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ 

Жануарлар организмдерінің даму кезеңдері мен олардың дене құрылысы 


тірі табиғатқа тəн биологиялық заңдылықтарға бағынады. Олай болса, мал
шаруашылығының мамандары өздерінің төл қызметтерін. атап айтқанда, мал 
түліктерін өсіру, олардың тұқымдарын асылдандыру, емдеу мен сақтық
шаралары жұмыстарын атқару үшін, аталмыш зандылықтарды жақсы білуі 
керек. Организмнің құрылысы мен дамуының негізгі заңдылықтары:
Тарихи даму заңы. Жер жүзінде мекендейтін өсімдіктер мен жануарлар
дүниесінің сан алуан өкілдері тірі табиғаттың ұзақ тарихи дамуының, яғни 


филогенездің (грек, phylon — туыс, genesis — шығу тегі) нəтижесі.
Филогенезде құрылысы қарапайым төменгі сатыдағы жануарлар дене 
құрылысы күрделі жоғары сатыдағы организмдерге дейін дамып жетіледі.
Жеке организмнің даму тарихы — онтогенез (ontos — заты, мəні; genesis — 
шығу тегі) ұрықтану процесінің нəтижесінде пайда болған бір жасушалы
организм — зиготаның даму кезеңінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі 
мерзім.
Негізгі биогенетикалық заң. Жануарлар онтогенезінде филогенездің,
яғни жануарлардың арғы ата-тектерінің ұзақ тарихи дамуының негізгі 
сатылары қысқа түрде қайталанып өтеді.

Организмнің біртұтастығы туралы заң. Жануарлар денесінің
мүшелері мен мүшелер жүйелері шығу тегі, құрылысы жəне қызметі 
жағынан бір-бірімен өзара тығыз байланысқан біртұтас жүйе. Жүйке жүйесі
жануарлар организмдеріндегі барлық мүшелер жүйелерінің морфологиялық 
жəне қызметтік (функциональдық) біртұтастығын қамтамасыз етеді.
Организм мен қоршаған орта біртұтастығы туралы заң. Тірі
организм белгілі бір ортаға бейімделген жағдайда ғана тіршілік ете алады. 
Демек, тірі организм мен оны қоршаған орта біртұтас. Организм мен
қоршаған ортаның байланысын жүйке жүйесі іс жүзіне асырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет