Алдыңғы жіліншік сүйектері (кости пясти) — ossa metacarpalia —
жануарлар жіліншігінің медиальды бетінен латеральды жағына қарай
қатарымен орналасқан бес: I жіліншік (os metacarpi primum), II жіліншік (os
metacarpi secundum), III жіліншік (os metacarpi tertium), IV жіліншік (os
metacarpi quartum) жəне V жіліншік (os metacarpi quintum) сүйектерден
тұрады. Жіліншік сүйектері алдыңғы аяқ басы қаңқасының ортаңғы бөлігі
метаподийді (metapodium) құрайды. Алдыңғы жіліншік сүйектерінің
құрылысы мен даму дəрежесі, жануарлардың тіршілік жағдайларына
бейімделуіне сəйкес əр түрлі деңгейде жетілген. Жіліншік сүйектер ұзын
жілік сүйектеріне жатады. Олардың проксимальды эпифиздерінде тізе
сүйектерімен байланысуға арналған буын беттері, ал екі бүйірінде байлам
төмпешіктері мен шұңқырлары болады. Дистальды эпифизді ортасынан қыр
арқылы екіге бөлінген буын шығыры құрайды.
Ерекшеліктері: Жылқыда алдыңғы жіліншік сүйектері үш жіліншік
сүйектен тұрады. Олар: II , III жəне IV сүйектер. I жəне V жіліншік сүйектер
болмайды. II жəне IV жіліншік сүйектер жетілмеген, олардың тек
проксимальды бөліктері ғана қалған. Тек, III жіліншік сүйегі ғана толық
жетіліп, III бақаймен буынды байланыс түзеді.
100 - сурет. Алдыңғы аяқ басының сүйектері, В - сиыр, Г - жылқы. a (I) — тізе
сүйектері, (II) — алдыңғы жіліншік сүйектер, в (III) — бақай сүйектер. 1 — шынтақ сүйек, 2 —шынтақ сүйектік тізе сүйек, 3 — қосымша тізе сүйек, 4+5 -
төртінші жəне бесінші тізе сүйектер, 6 — бесінші жіліншік сүйек, 7 — төртінші жіліншік
сүйек, 8 — тұсамыс сүйек, 9 — топай сүйек, 10 — тұяқ
сүйек, 11 — кəрі жілік, 12 — кəрі жіліктік тізе сүйек, 13 — ортаңғы тізе сүйек, 15 —
екінші тізе сүйек, 16 — үшінші тізе сүйек, 18 —екінші жіліншік, 19 — үшінші жіліншік.
III — үшінші бақай, IV — төртінші бақай.