К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет212/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

АРТҚЫ АЯҚТЫҢ ҚАҢКАСЫ 

Жануарлардың артқы аяғының (membra pelvini) қаңқасы екі
бөлімнен: жамбас белдеуі қаңқасынан (cingulum membri pelvini) жəне еркін 


қозғалатын бөлімнің қаңқа сүйектерінен (skeleton membri pelvini libera)
тұрады. Жамбас белдеуінің қаңқасын жамбас сүйек, ал еркін қозғалатьш 
бөлімнің жоғарғы проксимальды бөлігін (стилоподийді) ортан жілік, ортаңғы
бөлігін (зейгоподийді) сирақ сүйектері (асықтыжілік, шыбық сүйек), ал 
дистальды бөлігін (автоподийді) тілерсек (базиподий), жіліншік (метаподий)
жəне бақай сүйектері (акроподий) құрайды. 
Жамбас белдеуінің қаңқасын бір-бірімен шеміршек жігі (симфиз) —
symphysis — арқылы байланысқан жамбас сүйектері кұрайды. Жамбас 
сүйектері жоғарғы жағынан құйымшақ сүйекпен байланысып, жамбас

қуысын (cavum pelvis) түзеді. Жамбас сүйектерінің бірлескен қуысының
түбін жамбас астауы — деп атайды. 


Жамбас сүйек (тазовая кость) — os coxae — тұтаса байланысқан
мықын, шат жəне шонданай сүйектерінен құралған. Аталған үш сүйектің 
түйіскен жерінде, ортан жілік басымен байланысатын ұршық шұңқыры
(acetabulum) мен шат жəне шонданай сүйектердің аралығында жапқыш тесік 
(foramen obturatum) болады.

Мықын сүйек (подвздошная кость) — os ilium — пішіні үшбұрышты
келген жалпақ сүйек. Ол ұршық шұңқырды жасауға қатысатын, ұзынша 
жұмыр келген мықын сүйек денесінен (corpus ossis ilii) жəне жалпақ келген
мықын сүйек қанатынан (ala ossis iliі) тұрады. Жамбас сүйек қанатының
алдыңғы жиегін мықын қыры (crista iliaca)— деп атайды. Мықын сүйек 
қанатының сыртқы латеральды төмпегін сербек (tuber coxae), ал құйымшақ
сүйек жағындағы медиальды төмпегін құйымшақ төмпегі (tuber sacrale) — 
дейді. Мықын сүйек қанатының сыртқы бөксе бетінде (facies glutaea) доға
тəрізді бөксе сызығы (linea glutaea) болады. Ал мықын сүйек қанатының 
ішкі құйымшақ-жамбас беті (facies sacropelvina) дога сызығы (linea arcuata)


195
арқылы екіге бөлінеді. Олар: сыртқы жамбас беті (facies pelvina) жəне ішкі 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет