К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет217/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

айдаршықтараралық дөңес (eminentia
intercondylaris) орналасады. Латеральды жəне медиальды айдаршықтарды 
бір-бірінен, жіліктің алдыңғы жағындағы жазғыш сай (sulcus extensorius)
мен артқы бетіндегі тобықасты ойық (incisura poplitea) бөліп жəне шектеп 
тұрады. Латеральды айдаршыкдың сыртқы бүйір бетінде шыбық сүйек
басымен байланысатын бұдырлау бет (күйіс қайтаратын жануарлардан 
басқаларында) көрінеді. Асықты жілік диафизінің алдыңғы бетінде,
латеральды айдаршықтан төмен қарай бағытталып, жазғыш сайды шектеп 
тұрған асықты жілік қыры (crista tibiae) болады. Дистальды эпифиз, оның
екі бүйір қапталынан төмен шығып тұрған латеральды жəне медиальды 


қайықша (malleolus lateralis et medialis) өсінділермен аяқталады.

Ерекшеліктері: Жылқыда асықты жілік проксимальды эпифизінің
медиальды айдаршықтараралық төмпешігі ұзындау келеді, дистальды 
эпифиздің буын бетіндегі шығыршық төрізді шұңқырдың сайлары мен
қырлары жілікке қиғаштау орналасады. 


Күйіс қайтаратын жануарларда шыбық сүйек болмайды. Шыбық
сүйектің проксимальды эпифизінің қалдығы асықты жіліктің проксимальды 
эпифизі латеральды айдаршығының сыртқы бүйір бетімен тұтаса
байланысып, асықты жілік төмпешігі ретінде шығып тұрады. Ал шыбық 
сүйектің дистальды эпифизінің қалдығы асықты жіліктің медиальды
қайықша өсіндісі ретінде жеке орналасып, онымен буын арқылы 
байланысады.

Шошқада
асықты

жіліктің


проксимальды 
жəне
дистальды 

эпифиздерінің бүйір беттерінде шыбық сүйек бекитін бұдырлар болады.




198



Итте асықты жіліктің пішіні имектеу келеді. Проксимальды эпифиздің 
буындық бетіндегі айдаршықтараралық төмпешіктердің биіктігі шамалас.
Латеральды айдаршықтың сыртқы бүйір бетінде шыбық сүйек басымен 
байланысуға арналған бұдырлы ойыс, ал дистальды эпифизінің латеральды
бетінде бұдыр болады. 


Шыбық сүйек (малая берцовая кость) — fibula — əр түрлі жануарларда
түрліше дəрежеде дамыған. Жылқада шыбық сүйектің проксимальды бөлігі 
жалпақ жəне бұдырлы келеді. Ол дистальды бағытта жіңішкеріп үшкірлене
келе сіңірлі байламға айналып, асықты жіліктің дистальды эпифизінің 
латеральды бетіне бекиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет