193
Бакай сүйектер (кости пальцев) - ossa digitorum manus –үш буын
(фаланга) сүйектерінен кұралған. Олар жоғаргы проксимальды фаланганың
тұсамыс сүйегі, ортаңғы фаланганың топай сүйегі жəне дистальды
фаланганың тұяк сүйектері алдыңғы аяқ басы қаңқасының төменгі соңғы
бөліп
акроподийді (acropodium) құрайды.
Тұсамыс сүйек (путовая кость) — os compedale — диафизі ұзынша
келген куысты сүйек. Оның проксимальды эпифизінің буын беті орталық сай
арқылы екіге бөлінген. Дистальды эпифизді қыр арқылы бөлінген буын
шығыры құрайды.
Топай сүйек (венечная кость) — os coronale — құрылысы тұсамыс
сүйекке ұқсас. Тек диафизі қысқалау келеді.
Тұяқ сүйек (копытная кость, копытцевая кость, когтевая кость) — os
ungule, os ungulare, os unguiculare — тұяқты жануарларға тəн сүйек.
Дистальды фаланга
итте тырнақ сүйек (os unguiculare) — деп аталады.
Ерекшеліктері: Жылқыда III бақай ғана болады. Тұяқ сүйектің үш беті
болады. Олар:
қабырғалық бет (facies parietalis),
ұлтандық бет (facies
solearis) жəне
буындық бет (facies articularis). Тұяқ сүйектің буындық беті
қыр арқылы латеральды (кіші) жəне медиальды (үлкен) бөліктерге бөлінеді.
Жоғарғы тəждік жиектің алдыңғы жағынан
жазғыш өсінді (processus
extensorius) жоғары шығып тұрады. Қабырғалық беттің екі қапталы артқы
бағытта латеральды жəне медиальды пальмарлы (артқы) өсінділерге
айналады. Бұлар арқылы тұяқ сүйектің төменгі ұлтандық жиегіне
параллельді орналасқан тұяқ қабырғасының латеральды жəне медиальды
сайлары өтеді. Тұяқ сүйектің ұлтандық беті өз кезегінде:
терілік алаңша мен
бүккіш бетке бөлінеді. Бүккіш бетте жатқан латеральды жəне медиальды
ұлтандық сайлар, аттас тесіктер арқылы бір-бірімен жалғасып, ұлтан өзегін
құрайды.
Бүккіш беттің (facies flexorius) артқы жағында, пальмарлы
өсінділер аралығында дистальды
тиекше (сесам тəрізді)
сүйекпен (os
sesamoideum) байланысатын буын беті көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: