К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет218/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Күйіс қайтаратын жануарларда жеке шыбық сүйек болмайды. Шыбық
сүйектің проксимальды басының қалдығы асықты жіліктің латеральды 
айдаршығымен төмпек ретінде тұтаса байланысып кеткен. Ал дистальды
эпифизінің қалдығы латеральды қайықша сүйек ретінде сақталған. 


Шошқада шыбық сүйек жақсы жетілген. Оның проксимальды бөлігі
жалпақ болып келеді. 


Итте де бұл сүйек толық жетілген. Шыбық сүйектің проксимальды басы
жұмыр болып келеді. 
103 - сурет. Сирақ суйектері Г - сиыр, Д - жылқы. 1 - асықты жілік, 11 - шыбық 

сүйек 
1 - айдаршық, 2 - асықты жілік қыры, 3 - медиальды қайықша өсінді, 4 - шығыр 
тəрізді шұңқыр, 5 - айдаршықтар аралық дөңес, 6 – шыбық сүйек басы, 7 - сүйектер
аралық саңылау, 8 - латеральды қайықша өсінді (сиырда -қайыкша сүйек). 


Артқы аяқ басының қаңқасы (скелет стопы) — skeleton pedis —
тілерсек, артқы жіліншік жəне бақай сүйектерінен құралған. 


Тілерсек (толарсақ) сүйектер (кости заплюсны) — ossa tarsi — үш
қатарда орналасқан қысқа сүйектер. Оның проксимальды қатары екі 
сүйектен: асық жəне өкше сүйектен; ортаңғы қатары бір сүйектен: орталық
тілерсек сүйектен; дистальды қатары бес сүйектен: медиальды жағынан 
латеральды жағына қарай: I, II, III, IV жəне V тілерсек сүйектерден тұрады.

Асық (таранная кость) — talus — проксимальды асық шығырынан
(trochlea tali proximalis), асық мойнынан (collum tali) жəне асық денесінен 
(corpus tali), ал күйіс қайтаратын жануарлар мен шошқада қосымша
дистальды асық шығырынан (trochlea tali distalis) тұратын қысқа сүйек.

Өкше сүйек (пяточная кость) — calcaneus, s. os calcis — өкше сүйек 

денесінен (corpus calcanei), өкше төмпегімен (tuber calcanei) аяқталатын

бұлшық ет өсіндісінен (processus muscularis) жəне асықты бекіткіштен
(sustentaculum tali) құралған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет