К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет215/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ұршықаралық қыр ұршық шұңқырының (fossa trochanterica) төменгі
жиегін құрап, оны шектеп тұрады. 


Ортан жілік денесінің (corpus femoris) артқы бетіндегі ұзынынан
орналасқан екі қатар бұдырлар латеральды жəне медиальды ернеулерді 
(labium laterale et mediale) түзеді. Латеральды ернеудің бойында, жілік
диафизінің дистальды бөлігінде жануарлардың түрлеріне байланысты 


латеральды айдаршықүсті бұдыр (tuberositas supracondylaris lateralis)
немесе латеральды айдаршықүсті шұңқыр (fossa supracondylaris lateralis) 
орналасады.
Ортан жілікгің дистальды эпифизін бір-бірінен айдаршықаралық 


шұңқыр (fossa intercondylaris) арқылы бөлінген латеральды жəне

медиальды айдаршықтар (condylus lateralis et medialis) құрайды. Дистальды
эпифиздің алдыңғы бетінде тобық сүйекпен буын арқылы байланысатын 


тобыктық шығыр (trochlea patellaris) болады. Латеральды жəне медиальды
айдаршықтардың жоғарғы жағында тобықтық шығырдың латеральды жəне 
медиальды қырлары шектеп тұрған - латеральды айдаршықүсті
(epicondylus lateralis) жəне медиальды айдаршықүсті (epicondylus medialis) 
орналасады. Латеральды айдаршықүстінде байлам төмпешігі жəне байлам
шұңқырымен қатар, жазғыш шұңқыр (fossa extensoria) мен тобықасты 


шұңқырды (fossa m. poplitei) көруге болады.

Ерекшеліктері: Жылқыда ортан жілік басында шұңқыр болады. Үлкен
ұршықтан ортаңғы ұршық (trochanter medius) сай арқылы бөлініп тұрады. 
Жілік диафизінің латеральды бетінде кіші ұршыққа қарама-қарсы жəне сəл
төменірек үшінші ұршық (trochanter tertius) орналасады. Айдаршықүсті 
шұңқыры тереңдеу келеді. Сонымен, жылқының ортан жілігінде төрт ұршық:
үлкен, ортаңғы, кіші жəне үшінші ұршықтар, ал басқа жануарларда тек үлкен 
жəне кіші ұршықтар ғана болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет