К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


байламдар — деп атайды. Буындағы қозғалыстар: экстенсио, флексио. 113 — сурет. Тобық буыны В — латеральды жағы, Г — медиальды жағы



бет230/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

байламдар — деп атайды. Буындағы қозғалыстар: экстенсио, флексио.
113 — сурет. Тобық буыны В — латеральды жағы, Г — медиальды жағы 
1 — тобық сүйек, 2 — көлденең ортан жілік-тобық латеральды байламы, 3 —
медиальды тік байлам, 4 — ортаңғы тік байлам, 5 — латеральды тік байлам, б — крест 
тəрізді байлам, 7— латериальды тегіршін, 8— латериальды ортан жілік-асықты жілік
бүйір байламы, 9 — шыбық сүйек, 10 — асықты жілік, 11— ортан жілік, 12 — көлденең 
ортан жілік-тобық медиальды байламы, 13 — медиальды ортан жілік-асықты жілік бүйір
байламы, 14 — медиальды тегіршік 


Тілерсек буыны (articulatio tarsi) сирақ, тілерсек жəне артқы жілінщік
сүйектерінен кұралған күрделі, бір білікті буын. Буында буын қапшығынан 
басқа, тізе буынындағыдай ұзын жəне қысқа латеральды жəне медиальды
бүйір, қатараралық, сүйектераралық байламдар мен бұларға қоса, дорсальды 
жəне плантарлы тілерсек байламдар болады. Буындағы қозғалыстар:
экстенсио, флексио. 
Бақай (тырнақ)буындарының кұрылысы алдыңғы аяқтың бақай
буындарының құрылысына ұқсас. 
Сүйектер байланыстарының дамуы 
Қаңқа сүйектерінің тұтаса байланысы негізінен суда тіршілік ететін 

төменгі сатыдағы омыртқалы жануарларға тəн. Жануарлардың құрлыққа


шығуы аяқтардың дамуы мен басқа да қозғалыс мүшелерінің жетілуіне 
ықпалын тигізді. Осының нəтижесінде сүйектердің байланыс түрлері де
аталған мүшелердің атқаратын қызметтеріне тəуелді жетіліп, құрделене 
дамыды.

114 - сурет. Тілерсек буыны Медиальды жағы 
1 - асықты жілік, 2 - асық, 3 - ұзын медиальды бүйір байлам, дорсальды тілерсек 
байламы, 5 — үшінші артқы жіліншік сүйек, 6 — өкше сүйек, 7 —қысқа медиальды бүйір
байлам, 8 — плантарлы тілерсек байламы, 9 — екінші артқы жіліншік суйек. 
Онтогенездің бастапқы кезендерінде сүйектер бір-бірімен өзара жас 

дəнекер ұлпасы — мезенхиманың көмегімен байланысады. Дамудың келесі


кезендерінде қаңқа сүйектерінің орналасу орындары мен атқаратын 
қызметіне сəйкес сүйекаралық мезенхимадан тұтаса байланыстың түрлері
(синдесмоз, синхондроз, синэластоз, синостоз) дамиды. 

209
Ал буынды байланыстардың дамуы кезінде сүйектер аралығындағы 


мезенхима ыдырап, жойылып кетеді де, оның орнында қоймалжың сұйық


синовияға толған, сыртынан буын қапщығымен шектелген буын қуысы пайда 
болады. Буын қапшығы да, байланысушы сүйектердің буын беттерін
қаптаған гиалин шеміршегі де мезенхимадан дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет