215
2. Қанатша бұлшық ет (m. pterygoideus) тандай жəне қанатша сүйектер
мен сынаша сүйектің
қанатша өсіндісінен басталып, төменгі жақ сүйектің
аттас ойысында аяқталады. Ол екі: латеральды жəне медиальды бөліктерден
тұрады.
3. Самай бұлшық еті (m. temporalis)
самай шұңқырының жиегінен
басталып, төменгі жақ сүйек бұтағының бұлшық ет өсіндісінде аяқталады.
4. Қос құрсақты бұлшық ет (m. digastricus) шүйде сүйектің
мойындырық
өсіндісінен басталып, төменгі жақ сүйектің
вентральды
жиегінде аяқталады.
117 - сурет. Бастың бұлшық еттері. А — сиыр, Б — жылқы.
1 - мұрын мен ерінді көтергіш бұлшық ет, 2 - төменгі қабақты түеіргіш бұлшык ет, 3
- көздің дөңгелек бұлшық еті, 4 — мандай бұлшык. еті, 5 - құлақ бұлшық еттері, 6 -
ауыздың дөңгелек бұлшық еті, 7 - төменгі ерінді түсіргіш бұлшық ет, 8 – сойдақ тіс
бұлшық еті, 9 - жоғарғы ерінді арнайы көтергіш бұлшық ет, 10 ~ ұрт бұлшық еті, 11 -
жақаралық бұлшык ет, 12 - бет бұлшық еті, 13 — үлкен шайнау бұлшық еті, 14 - төс-
тіласты бұлшық еті, 15 - төс-жақ бұлшық еті, 16 - мұрынның көлденең бұлшық еті, 17 -
мұрынның бүйір бұлшықиеті, 18 - еріннің теріасты бұлшық еті, 19 - бас пен мойынның
теріасты бұлшық еті, 20 - жоғарғы ерінді түсіргіш бұлшық ет, а - шықшыт сілекей безі, б -
жақасты сілекей безі.
Достарыңызбен бөлісу: