К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет243/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

ОМЫРТҚА БАҒАНЫНЫҢ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ 


Омыртқа бағанының бұлшық еттері орналасу орындарына сəйкес 
дорсальды жəне вентральды бұлшық еттер топтарына бөлінеді. Дорсальды
бұлшық еттер мойын мен құйрықты көтеріп, арқа мен белді төмен ию 
арқылы омыртқа бағанының жазғыш бұлшық еттерінің қызметін атқарады.
Сонымен қатар, олар омыртқа бағанының оң жəне сол жақ бүйірге иілуін 
қамтамасыз етіп, мойын мен құйрықты айналдырады. Вентральды бұлшық
еттер омыртқа бағанының бүккіш бұлшық еттерінің қызметін атқарады. 
Омыртқа бағанының дорсальды бұлшық еттері 

1. Тым ұзын бұлшық ет (m. longissimus) — омыртқа бағанының
жотаүстілік жəне көлденең өсінділері аралықтарындағы үшбұрышты 
кеңістікте орналасып, құйымшақтан басқа дейін созылып жатқан ұзын
бұлшық ет. Ол орналасу орындарына сəйкес төрт бөліктен тұрады. 


Арқа мен белдің тым ұзын бұлшық еті (m. longissimus dorsi et
lumborum) мықын қырынан жəне қүйымшақ, бел, көкірек омыртқалары 
жоталық өсінділерінен басталып, бел, көкірек омыртқалардың көлденең жəне
емізікше өсінділеріне бекіп, соңғы мойын омыртқаға дейін созылады. 


Мойынның тым ұзын бұлшық еті (m. longissimus cervicis) алдыңғы
бесінші, жетінші көкірек омыртқалардан басталып, соңғы төртінші, бесінші 
мойын омыртқалардың көлденең өсінділерінде аяқталады.

Бастың тым ұзын бұлшық еті (m. longissimus capitis) бірінші көкірек
жəне соңғы мойын омыртқалардан басталып, самай сүйектің емізікше 
өсіндісінде аяқталады.


219



Атланттың тым ұзын бұлшық еті (m. longissimus atlantis) бастың тым 
ұзын бұлшық етімен бірге басталып, атлант қанатында аяқталады.

Ерекшеліктері. Күйіс қайтаратын жануарларда бас жəне атланттың
тым ұзын бұлшық еттері қосымша білік омыртқаның көлденең өсіндісінде 
аяқталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет