К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет253/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

АЛДЫҢҒЫ АЯҚТЫҢ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ 

Алдыңғы аяқтың бұлшық еттері (musculi membri thoracici) орналасу
тəртібі мен атқаратьш қызметіне байланысты иық, шынтақ, тізе жəне бақай 
буындарының бұлшық еттеріне болінеді. Аталған буындардағы қимыл-
қозғалыстардың түрлеріне байланысты, оларға əсер ететін бұлшық еттер 
жазғыш
(экстензор), 
бүккіш
(флексор), 
жақындатқыш
(аддуктор), 
алыстатқыш
(абдуктор), 
сыртқа
айналдырғыш 
(супинатор),
ішке

айналдырғыш (пронатор) бұлшық еттер болып бөлінеді. Жазғыш бұлшық 



еттер (экстензорлар) буын бұрышының төбесі жағында, ал бүккіш бұлшық 

еттер (флексорлар) буын бұрышының ішкі жағында орналасып, бір-біріне
қарама-қарсы жүретін буынды жазу жəне бүгу қозғалыстарын іс жүзіне 
асыратын болса, жақындатқыш бұлшық еттер (аддукторлар) буынның
ішкі медиальды бетінде орналасып, буынды тұлғаға қарай ішке тартып 
жақындату қозғалысына, ал алыстатқыш бұлшық еттер (абдукторлар)
буынның сыртқы латеральды бетінде орналасып, алдыңғы қозғалысқа 
қарама-қарсы, буынды тұлғадан сыртқа қарай тартып алыстату қозғалысына
əсер етеді. Супинаторлар буынның алдыңғы бегін сыртқы латеральды, ал 


пронаторлар оңы, керісінше, ішкі медиальды жағына қарай бұрады.

Иық буыны (articulatio humeri) құрылысы жағынан қарапайым (бір
буын қуысы болады), қимылы жағынан копбілікті (жілік басының пішіні шар 
тəрізді) буын. Иық буынын жауырын мен тоқпан жілік басы құрайды.
Буынның бұлшық еттері буыннан жоғары, жауырын аумағында орналасып, 
бір-біріне қарама-қарсы қозғалыстарды іс жүзіне асыратын бірнеше бұлшық
еттер топтарына: экстензорлар мен флексорларға, аддуктор мен абдукторға, 
супинаторлар мен пронаторға бөлінеді.


226



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет