231
Флексорлар: 1. Бақайдың беткей бүккіш бұлшық еті (m. flexor
digitorum superficialis) тоқпан жіліктің бүккіш (медиальды) айдаршықүстінен
басталып, II-V бақайлардың тұсамыс сүйектерінің дистальды, топай
сүйектерінің проксимальды бөлігінде аяқталады. Оның латеральды жəне
медиальды сіңірлі ұштарының арасымен бақайдың терең бүккіш бұлшық
етінің сіңірі өтеді.
Ерекшеліктері. Жылқыда бақайдың беткей бүккіш бұлшық етінің
сіңірлі ұшы тұсамыс буынының тұсында орналасқан тиек сүйектеріне
көлденең байлам арқылы бекиді.
Сиыр мен
ұсақ малдарда бұлшық еттің
беткей жəне терең бастары жіліншік аумағында бір-бірімен қосылып кетеді
де, топай сүйек тұсында олар қайтадан ажырап, III жəне IV бақай
сүйектерінде аяқталады.
Шошкдда аталмыш бұлшық еттің беткей жəне
терең бастары болады. Беткей басы IV, терең басы III бақай сүйектеріне
бекиді.
Итте бұлшық еттің жеке сіңірлері II - V бақайдың тырнақ
сүйектерінде аяқталады.
Қызметі. Бақайдың беткей бүккіш бұлшық еті бақай (тырнак) жəне тізе
буындарын бүгеді.
2. Бақайдың терең бүккіш бұлшық еті (m. flexor digitorum profundus)
білек сүйектерінің пальмарлы бетінде орналасады. Оның тоқпан жіліктік,
кəрі жіліктік жəне шынтақтык бастары болады. Бұлшық ет тоқпан жіліктің
медиальды айдаршыкүстінен, кəрі жілік пен шынтақ сүйектің проксимальды
бастарынан басталып, бір-бірімен бірігеді де, бұлшық ет сіңірі бақайдың
санына сəйкес ажырап, тұяқ (тырнақ) сүйектерде аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: