К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Қызметі. Тізені бүккіш шынтақ бұлшық еті тізе буынын бүтеді. З.Тізені бүккіш кəрі жілік бұлшық еті



бет259/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Қызметі. Тізені бүккіш шынтақ бұлшық еті тізе буынын бүтеді.

З.Тізені бүккіш кəрі жілік бұлшық еті (m. flexsor carpi radialis) тоқпан
жіліктің 
бүккіш
(медиальды) 
айдаршықүстінен
басталып, 
алдыңғы
жіліншіктің проксимальды басында аяқталады. 


Ерекшеліктері. Тізені бүккіш кəрі жілік бұлшық етінің сіңірі жылқыда

II, күйіс қайтаратын жануарларда жəне шошқада III, итте II жəне III
жіліншік сүйектерінің проксимальды бастарында аяқталады. 


Қызметі. Тізені бүккіш кəрі жілік бұлшық еті тізе буынын бүгеді.

Бақай буындарының бұлшық еттері білек аумағында орналасып,
бақай буындарына əсер етеді. Бақай буындарына: тұсамыс буыны 
(articulatio compedale), топай буыны (articulatio coronale) жəне тұяқ буыны
(articulatio ungulare) жатады. Бақайдың жеке буындары құрылысы (буынды 
алдыңғы жіліншіктердің дистальды бастары, тұсамыс, топай, тұяқ сүйектер
құрайды) қарапайым жəне бір білікті буындар. Бақай буындары бір білікті 
буындар болғандықтан, оларға қарама-қарсы бағытта жұмыс атқаратын
жазғыш жəне бүккіш бұлшық еттер топтары əсер етеді. Бақай буындары 
бұлшық еттерінің құрсақтары білек сүйектері аумақтарында жатады, ал
олардың сіңірлері бақай сүйектеріне бекиді. Жазғыш бұлшық еттер білек 
сүйектерінің дорсо-латеральды, ал бүккіш бұлшық еттер оның медио-
пальмарлық бетінде орналасады. 


230
120 - сурет. Тізе жəне бақай буындарының бұлшық еттері В - латеральды, Г - 



медиальды жақтары 
4 - тізені жазғыш кəрі жілік бұлшық еті, 5 - үшінші бақайдың арнайы жазғаш 
бұлшық еті, 6 - бақайдың жалпы жазғыш бұлшық еті, 12 - тізені жазғыш шынтақ
бұлшық еті, 16 - тізені бүккіш шынтақ бұлшық еті, 17 - тізені бүккіш кəрі жілік 
бұлшық еті, 21 - үлкен саусақты алыстатқыш ұзын бұлшық ет, 23 - бақайдың беткей
бүккіш бұлшық еті, 24 - бақайдың бүйірлік жазғыш бұлшық еті, 25 жəне 26 - бақайдың 
терең бүккіш бұлшық еті, 27 - сүйекаралық бұлшық ет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет