К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет262/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері. Жылқьіда бақайдың терең бүккіш бұлшық етінің сіңірі
тұяқтың жазғыш бетіне бекиді. Сиыр мен ұсақ малдарда бұлшық еттің 
жалпы сіңірі III жəне IV бақай сүйектерінде аяқталады. Шошқада бұлшық
еттің тоқпан жіліктік басының өзі беткей жəне терең бөліктерге ажырайды 
да, III жəне IV бақай сүйектерінде аяқталады. Итте бұлшық еттің жалпы
сіңірі I -ден V бақайларға арналған тармақтарға ажырайды. 


Қызметі. Бақайдың терең бүккіш бұлшық еті бақай (тырнақ) буындарын
бүгеді, ал тоқпан жіліктік басы тізені жазғыш шынтақ бұлшық етіне 
көмектеседі.
Бақайдың қысқа бұлшық еттеріне алдыңғы жіліншіктердің
проксимальды бастарынан басталып, тұсамыс буынның артқы тиекше 
сүйектерінде аяқталатын сүйектераралық бұлшық еттерді жатқызады.


Алдыңғы аяқтың бұлшық еттері тақырыбы бойынша бақылау сұрақтары: 

1. Алдыңғы аяқтың бұлшык еттері орналасу орындары мен жұмыс сипатына 


байланысты қалай бөлінеді?
2. Иық оуынының бұлшық еттері қызметіне байланысты қандай бұлшықеттер 
топтарына бөлінеді? Олардың басталатын жəне аякталатын жерлері мен құрылысына
көңіл бөліңіз. 
3. Шынтақ буынының бұлшық еттер топтарына токталып, олардың кұрылысын еске
түсіріңіз. 

232
4. Тізе буыны бұлшық еттерінің қызметтік топтарын еске түсіріп, олардың 


құрылысына тоқталыңыз.


5. Бақай буындары бұлшық еттерінің топтары, олардың құрылысы.
б.Тақырып мəтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып, оларды
жаттаңыз. 
АРТҚЫ АЯҚТЫҢ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ 

Артқы аяқтың бұлшық еттері (musculi membri pelvini) орналасу
орындары мен буындардағы қозғалыстарды іске асыру сипатына байланысты 
жамбас-ортан жілік, тобық, тілерсек жəне бақай буындарының бұлшық еттері
болып бөлінеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет