К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет269/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері. Итте санды жақындатқыш бұлшық ет өз кезегінде
санның үлкен жəне кіші аддукторларына ажырайды. 


Супинаторлар: 1. Сыртқы жапқыш бұлшық ет (m. obturator externus)
пішіні үшбұрышты келген жалпақет. Ол жамбассүйектің вентралды бетінен 
жəне жапқыш тесіктің медиальды бетінің сыртқы жиегінен басталып, оның
сіңірлі құйрығы ортан жіліктің ұршық шұңқырында аяқталды. 


2. Ішкі жапқыш бұлшық ет (m. obturator internus) жамбас астауының
төменгі бетінің дорсальды жағында орналасқан үшбұрышты жалпақ ет. Ол 
жапқыш тесіктің алдыңғы жəне медиальды жиектерінен басталып, ішкі
жапқыш бұлшық еттің сіңірлі құйрығы орған жіліктің ұршық шұңқырында 
сыртқы жапқыш бұлшық етпен бірге аяқталады.
Ерекшеліктері. Жылқыда ішкі жапқыш бұлшық ет шонданай жəне
мықын сүйектерінен басталып, кіші шонданай ойығы арқылы өтіп барып, 
ортан жіліктің ұршық шұңқырында аяқталады. Күйіс қайтаратын 

жануарларда тек шонданай сүйектен басталып, жапқыш тесігі арқылы өтеді.

Шошқада шонданай, мықын жəне құйымшақ сүйектерінен басталып,
жапқыш тесігі арқылы өтеді. Итте шонданай жəне шат сүйектерден 
басталып, кіші шонданай ойығы арқылы өтеді. Барлық жануарларда бұлшық
ет ортан жіліктің ұршық шұңқырында аяқталады. 


Қызметі. Сыртқы жапқыш жəне ішкі жапқыш бұлшық еттер жамбас-
ортан жілік буынының алдыңғы бетін сыртқа қарай бұрады. 


Қосарлы бұлшық еттер (m.m. gemelli) таспа тəрізді жіңішке келген
бұлшық еттер. Қосарлы бұлшық еттер жамбас сүйектің кіші шонданай 
ойығының жиегінен басталып, сыртқы жəне ішкі жапқыш бұлшық еттердің
сіңірлі құйрықтарының арасымен ортан жіліктің ұршық шұңқырында 
аяқталады.

Ерекшеліктері. Қосарлы бұлшықеттер тек итте ғана жеке түрінде
бөлініп тұрады. Бұлшық еттердің қосарланған ет құрсақтары болады. 


Шошқада бұл бұлшық ет ішкі жапқыш бұлшық етімен бірігіп кеткен.
Басқа жануарларда аталмыш бұлшық еттер жеке түрінде кездеспейді. 

237





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет