234
жерлеріне байланысты бұлшық еттің жалпақ сіңірі тобықтық, асықты
жіліктік жəне өкшелік тармақгарға ажырайды. Олар тобық аумағының,
асықты жілік қырының жəне өкше төмпегінің латеральды бетінде аяқталады.
Бұлшық еттің өкшелік тармағы басқа бұлшық еттердің сіңірлерімен қосылып,
тірсек сіңірін /ахилл сіңірі/ құрайды. Ол өкше төмпегінде аяқталады.
Ерекшеліктері. Жылқыда санның екібасты бұлшық етінің омыртқалық
басы тек құйымшақ сүйектен басталады.
Сиырда, ұсақ малда жəне
шошқада ол беткей бөксе бұлшық етімен бірігіп,
бөксе-кібасты бұлшық ет
деп аталады.
Итте бұлшық еттің омыртқалық басы нашар жетілген.
Қызметі. Санның екібасты бұлшық еті бірнеше буындарға əсер етеді.
Ол жамбас-ортан жілік буынын жəне тобық буынын жазады. Асықты
жіліктік тармағы буынды бүгеді жəне артқы аяқты сыртқа қарай
айналдырады. Өкшелік тармақ тілерсек буынын жазады.
Достарыңызбен бөлісу: