К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Итте бұлшық ет сіңірі V тырнақта аяқталады. Қызметі



бет276/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Итте бұлшық ет сіңірі V тырнақта аяқталады.

Қызметі. Бақайдың бүйірлік жазғыш бұлшық еті бақай (тырнак)
буындарын жазады. 


3. Үлкен бақайдың ұзын жазғыш бұлшық еті (m. extensor digitі I
longus) жеке бұлшық ет ретінде тек ит пен шошқада кездеседі. Ол шыбық 
сүйектен басталып, асықты жіліктің алдыңғы бұлшық еті сіңірімен бірге II
бақайда (тырнақта) аяқталады. 


Ерекшеліктері. Жылқы мен күйіс қайтаратын жануарларда бұлшық
ет асықты жіліктің алдыңғы бұлшық етімен бірігіп кеткен. Итте I тырнақ 
қалдығында аяқталады.

Қызметі. Үлкен бақайдың ұзын жазғыш бұлшық еті бақай (тырнақ)
буындарын жазады. 


Флексорлар. 1. Бақайдың беткей бүккіш бұлшық еті (m. flexor
digitorum superficialis) ортан жіліктің айдаршықүсті шұңқырынан басталып, 
балтыр етінің латеральды басымен бірігіп кетеді де, өкше төмпегінің
латеральды жəне медиальды беттеріне бекіп, одан əрі бұлшық еттің сіңірлі 
құйрығы екіге бөлініп, тұсамыс пен топай сұиектерінде аяқталады.
Ерекшеліктері мен қызметі. Жылқыда үшінші шыбық бұлшық етімен
бірге статикалық қызмет атқарады. Ал басқа жануарларда ол бақай 
буындарын бүгеді, тобық буынының бүккіш, тілерсек буынының жазғыш
бұлшық еттеріне көмектеседі. 


2.Бақайдың терең бүккіш бұлшық еті (m. flexor digitorum profundus)
асықты жіліктің плантарлы бетінде жатады. Ол асықты жіліктің латеральды 
айдаршығы мен шыбық сүйектен жəне асықты жіліктің артқы плантарлы
бұдырынан үш бас болып басталып, бірігеді де, бұлшық ет сіңірі бақайдың 
санына сəйкес ажырап, тұяқ (тырнақ) сүйекте аяқталады.
Қызметі. Бақай (тырнак) буынын бүгеді, тобық буынын жазуға қатысады 


Сүйекаралық бұлшық еттер алдыңғы аяқтағы бұлшық еттерге ұқсас.


242





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет