К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет275/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Ерекшеліктері. Жылқыда бақайдың ұзын жазғыш бұлшық еті тері
астында беткей орналасады. Жіліншік аумағында бұлшық еттің сіңірі 
бақайдың қысқа жəне бүйірлік жазғыш бұлшық еттері сіңірлерімен бірігіп,
тұяқ сүйектің жазғыш өсіндісінде аяқталады. 


Күйіс қайтаратын жануарларда бұлшық ет үшінші шыбық бұлшық
етінің астында жатып, онымен бірге басталады да, екі ет құрсағына 
ажырайды. Медиальды терең құрсағының сіңірі III, ал латеральды беткей
құрсағы III жəне IV бақайларда аяқталады. 


Шошқада да бақайдың ұзын жазғыш бұлшық еті үшінші шыбық
бұлшық етінің астында жатып, онымен бірге басталады. Еттің ортаңғы, 
медиальды жəне латеральды құрсақтары болады. Ортаңғы құрсақ сіңірі III
жəне IV бақайлардың тұяқ сүйектерінде, медиальды құрсақ сіңірі III бақайда, 
лйтеральды құрсақ сіңірі II жəне V бақай сүйектерінде аяқталады.

Итге бақайдың ұзын жазғыш бұлшық етін асықты жіліктің аддыңғы
бұлшық еті сыртынан жауып жатады. Бұлшық ет сіңірі II жəне V тырнақ 
сүйектерінде аяқталады.


241



Қызметі. Бақайдың ұзын жазғыш бұлшық еті бақай буындарын жазып, 
тілерсек буынының бүккіш жəне тобық буынының жазғыш бұлшық еттеріне
көмектеседі. 


2. Бақайдың бүйірлік жазғыш бұлшық еті (m. extensor digitorum
lateralis) сирақ аумағының латеральды бетінде жатады. Ол асықты жілік пен 
шыбық сүйектің латеральды айдаршықтарынан басталып, топай сүйекте
аяқталады. 


Ерекшеліктері. Жылқыда бұлшық еттің сіңірі жіліншік сүйегі
аумағында бақайдың үзын жазғыш бұлшық етінің сіңірімен бірігіп кетеді. 


Күйіс қайтаратын жануарларда ол IV бақайдың топай сүйегінде
аяқталады. 


Шошқада бұлшық еттің екі басы болады. Олардың сіңірлі үштары IV
жəне V бақайда аяқталады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет