К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет274/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Қызметі. Жылқыда бұлшық ет статикалық қызмет атқарады. Күйіс 

қайтаратын жануарлар мен шошқада тідерсек буынын бүгеді жəне тобық
буынын жазуға қатысады. 

240



4. Шыбықтың ұзын бұлшық еті (m. peronaeus longus) сирақ аумағы 
сүйектерінің латеральды жағында орналасады. Ол шыбық сүйек пен асықты
жіліктің латеральды айдаршығынан басталып, оның сіңірлі құйрығы сирақ 
аумағының төменгі тұсының латеральды бетінен, IV тілерсек жəне артқы
жіліншік сүйектері аралықтарындағы саңылау арқылы тілерсек буынының 
плантарлы (артқы) жағына өтіп, медиальды бағытта I немесе II тілерсек,
болмаса I артқы жіліншік басында аяқталады. 


Ерекшеліктері. Жылқыда аталмыш бұлшық ет болмайды. Қызметі.
Шыбықтың ұзын бұлшық еті тілерсек буынын бүгеді. 


5. Шыбықтың қысқа бұлшық еті (m. peronaeus brevis) тек итте ғана
болады. Ол шыбық сүйектің дистальды бөлігінен басталып, V артқы 
жіліншік басында аяқталады.

Қызметі. Шыбықтың қысқа бұлшық еті тілерсек буынын бүгеді.

Бакдй буындарының бүлшық еттері артқы аяқгың сирақ аумағында
орналасып, сіңірлері арқылы бақай буындарына (тұсамыс, топай, туяқ) əсер 
етеді. Бақай буындары құрылысы қарапайым жəне бір білікті буындар.
Буынның жазғыш бұлшық еттері сирақ аумағының латеро-краниальды жəне 
артқы аяқ басының алдыңғы бетінде, ал бүккіш бұлшық еттері сирақ
аумағының каудальды беті мен артқы аяқ басының плантарлы (артқы) 
бетінде орналасады.
Экстензорлар. І.Бақайдың ұзын жазғыш бұлшық етінің (т. extensor
digitorum longus) құрсағы асықты жіліктің дорсальды бетінде жатады. Ол 
ортан жіліктің латеральды айдаршыкүсті жазғыш шұңқырынан басталып,
асықты жіліктің жазғыш сайы арқылы, оның дорсо-латеральды бетінде 
шығады. Бұлшық еттің сіңірлі құйрығы жануарлар бақайларының санына
сəйкес сіңірлі бөліктерге ажырайды да, тұяқ (итте — тырнақ) сүйектің 
жазғыщ өсіндісінде аяқталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет