254
126 - сурет. Сүт альвеоласының (көпіршігінің) құрылысы
1 - сүт альвеоласы, 2 – сүт түтікшесі, 3 – сүт өзекшесі, 4 – апокринді секреция
(бөліну), 5 - миоэпителиоциттер, 6 - жүйке талшығы,
7 – кан капилляры, 8 – лактоцит.
Теріден айырмашылығы: 1) эпидермистен қалың мүйіз қабат түзіліп,
майтабанды сыртынан қаптайды; 2) шел қабатының борпылдақ дəнекер
ұлпасында май ұлпасы көп мөлшерде жиналып, борпылдақ дəнекер ұлпасы
талшықтарымен бірге қосылып, былқылдақ та серпімді
майтабан жастығын
құрайды.
Жылқыда теріасты жастығында майтабан шеміршектері (cartilago
pulvini) болады. Олар тұсамыс, топай жəне тиекше сүйектермен байламдар
арқылы берік байланысқан. Шеміршектер майтабан жастығын екі бүйірінен
қоршап, екеуі біртұтас кереметтей серпімділік (амортизация) мүшесі
қызметін атқарады; 3) майтабан сезімтал жүйке ұштарына бай болғандықтан,
ол аяқтың сезім мүшесінің қызметін атқарады.
Орналасу орындарына байланысты алдыңғы аяқта
тізе майтабаны
(torus carpalis),
алдынғы жіліншік майтабаны (torus metacarpeus) жəне
тұяқ
майтабаны (torus digitalis), артқы аяқта
тілерсек майтабаны (torus tarseus),
Достарыңызбен бөлісу: