К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


перикардиальды, плевральды, перитонеальды



бет297/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   607
перикардиальды, плевральды, перитонеальды жəне қынаптық сірлі 

қуыстар жатады.

Көкірек қуысы (cavum thoracis) көкірек керегесінің ішкі куысы.
Көкірек куысы ішкі жағынан көкірекіштік шандырмен (fascia endo-thoracica) 
жəне сірлі қабық плеврамен (pleura) астарланған. Көкірек керегесінің артқы
қабырғасын көкет (диафрагма) құрайды. Ол көкірек қуысын құрсақ 
қуысынан бөліп тұрады. Көкірек қуысында жүрек, өкпе, кеңірдек, өңеш,
қолқа, алдыңғы жəне артқы куыс веналар, лимфа түйіндері, жүйкелер 
орналасады.
Көкірек қуысының ішкі бетін астарлайтын сірлі қабықты қабырғалық 
немесе париетальды плевра, ал көкірек қуысында орналасқан ішкі
мүшелерді сыртынан қаптап жатқан сірлі қабықты висцеральды плевра — 
деп атайды. Париетальды плевра көкірек қуысындағы орналасу орнына
қарай: қабырға жəне диафрагма бөліктеріне (pleura costalis et diaphragmatica) 
бөлінеді. Оң жəне сол қабырғалық плевралар көкірек омыртқаларының
төменгі жағанда түйісіп, қос қабаттанады да, көкірек омыртқаларынан 
төссүйекке қарай төмен бағьпталып, көкірек куысының ортасымен өтетін
орталық пердені (mediastinum) құрайды. Орталық перде сірлі қабық


260
қабаттарының арасында өңеш, кеңірдек, қолқа, жүйкелер, жүрек жəне 


жүрекқап орналасады. Орталық перде плеврасының (pleura mediastinal)


жұрекқапты (перикард) қаптаған бөлігін перикардиальды плевра (pleura 
pericardiaca) — деп атайды. Орталық перде плеврасы кеңірдек, бронхтарды
сыртынан қаптап, оң жəне сол өкпеге өтіп, өкпелік плевраны (pleura 
pulmonalis) түзеді. Орталық перде, перикардиальды жəне өкпелік плевралар
висцеральды плевраны құрайды. 
131 - сурет. Сиыр денесіндегі ішкі мүшелердің орналасу орыңдары 

(топографиясы) 
1 — тік ішек, 2 — құрсақ қолқасы, 3 — сол бүйрек, 4 — оң бүйрек, 5 —бауыр, 6 — 
өт қабы, 7 — көкет (диафрагма) күмбезінің нобайы, 8 — оң өкпе, 9 — өңеш,
10 — кеңірдек, 11 — жүрек, 12 — көкеттің қабырғалық бөлігі, 13 — ұлтабар, ]4 — 
он екі елі ішек (ұлтабар ұшы), 15 — ұйқы безі, 16 — аш ішек, 17 — тоқ ішек, 18 — мықын
ішек, 19 — бүйен, 20 — куық, 21 — қынап. 
Париетальды жəне висцеральды плевралар аралығындағы саңылау 

тəрізді сірлі қуысты плевральды қуыс (cavum pleurae) — дейді. Оң жəне сол


плевральды сірлі куыстарда оң жəне сол өкпе орналасады. Бұл қуыстар бір-
бірімен қатыспайды. Плевральды қуыстарда тыныс алуға жəне жүректің
жиырылуына байланысты қозғалыс кезінде сірлі қабықтардың өзара 
үйкелісін болдыртпайтын, олардың беттерін майлап сылап тұратын сірлі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет