К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет316/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Тілдің гистологиялық құрылысы. Тіл арқалығын көпқабатты жалпақ
мүйізделетін эпителий, ал төменгі жағы мен екі бүйірін көп қабатты жалпақ 
мүйізделмейтін эпителий қаптайды. Тілдің кілегейлі қабығы мен бұлшық
еттер аралығында қабырғалық сілекей бездері болады. Кілегейлі қабығының 
сыртқы бетінде пішіні əр түрлі емізікшелер бар.

Жіпше жəне конусша емізікшелер сыртынан ауыз қуысына тəн
кілегейлі қабықпен қапталған. Тілдің кілегейлі қабығын ауыз куысы жағынан 
көпқабатты жалпақ мүйізделетін эпителий астарлайды. Эпителий қабатының
астындағы өзіндік тақташа борпылдақ дəнекер ұлпасынан тұрады. Кілегейлі 
қабықтың астында тілдің негізін кұрайтын тілдің негізгі бұлшық еті
орналасады. Ол əр түрлі бағытта жатқан көлденең жолақты бұлшық ет 
ұлпасы талшықтарынан құралған.
135 — сурет. Тіддің жіпше емізікшелері
1 — көп қабатты жалпак. эпителий, 2 — кілегейлі қабыктың өзіндік тақташасы, 3 —
кан тамырлары, 4 — дəнекер ұлпасының эпителийге біріншілік кірме емізікшесі, 5 — 
дəнекер ұлпасының эпителийге екіншілік кірме емізікшесі, 6 — тілдің көлденең жолақты
бұлшык. ет талшықтары. 
Саңырауқұлақша емізікше тілдің ұшы мен арқалығында, жіпше
емізікшелер 
аралығында
орналасады. 
Оны
сыртынан 

көпқабатты


мүйізделмейтін эпителий қаптайды. Емізікшенің бүйір қабырғасындағы 
эпителий қабатында татым баданалары орналасады. Татым баданасы бір-
біріне тығыз жатқан ұзынша эпителий жасушаларынан тұрады. Олар дəм 
сезгіш
жəне

тіректік


эпителиоциттерге 
бөлінеді.
Дəм

сезгіш
эпителиоциттердің 


сопақша
келген

ядролары,


апикальды 
ұшында
микробүрлер болады. Ірі ядролары тіректік эпителиоциттер сезгіш 
эпителиоциттердің жəне жүйке талшықтарының арасында орналасады. Олар
тіректік қызметтен басқа кілегей де бөледі. Сондықтан, бұлардың 
цитоплазмасында эндоплазмалық тор жақсы жетілген. Татым баданасы ауыз
қуысымен татым тесігі арқылы қатысады. 


Қорғанша емізікше тілдің кілегейлі қабығында тереңірек орналасып,
сыртынан қорғанға ұқсаған кілегейлі қабық буылтығымен қоршалын жатады. 
Татым баданалары емізікшелердің бүйір бетінде орналасады. Қорғанша
емізікшелер ірі болып келеді, тіл тұбірінің арқалығында болады. 


Жапырақша емізікшенің пішіні жапыраққа ұқсас. Ол тіл түбірінің екі
бүйірінде 
бір-бірден
орналасады. 
Күйісті
жануарларда 
жапырақша
емізікшелер болмайды. Татым баданалары емізікшенің бүйірінде болады. 

276
Ауыздың бездері (glandulae oris) ауыздағы азықтың өнделуі мен


қорытыла бастауы үшін маңызды роль атқарады. Шайналып ұсақтал ған
азықауыз қуысының сілекей бездері бөлетін сілекеймен араласып, шыланып, 
шайналып ұсақталғаннан соң, жұтуға ыңгайлы жағдайға келеді. Сілекей
құрамындағы ферменттер əсерінен ас құрамындағы қоректік заттар (крахмал 
т.б.) ауыз куысында қорытыла бастайды. Сілекейдің құрамында микробтарды
жоятын (лизоцим т.б.) жəне қарын бездерінің жұмысына ықпалын тигізетін 
биологиялық белсенді заттар болады. Мөлшері мен орналасу орындарына
байланысты сілекей бездері: майда қабырғалық сілекей бездері жəне ірі 
қабырғадан тыс жатқан сілекей бездері болып екі топқа бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет