141 — сурет. Безді қарынның кілегейлі қабығындағы үш түрлі түтікше бездер
А — қарын түбі (фундальды без) безі, Б — ішқақпалық (пилорустық) без, В —
кардиальды без
а — қарынның кілегейлі қабығын астарлайтын бірқабатты эпителий, б — түтікше
бездің мойны, в - түтікше бездің денесі, г — түтікше бездің түбі, д - бездің жеке
тармақтарының көлденең жəне қиғаш кесіндісі, е — негізгі жасушалар, ж — париетальды
(көмкерме) жасуша, з — мойындық жасушалар.
Негізгі жасушалардың цитоплазмасы базофилді боялады. Олардың
сопақтау келген ядролары жасушаның орталығында жатады. Жасуша
цитоплазмасында белокты ферменттің синтезін қамтамасыз ететін фанулалы
эндоплазмалық тор өте жақры жетілген. Негізгі жасушалардың сыртқы
жағында тұз қышқылын түзуге керекті хлоридтерді бөлетін көмкерме
жасушалар жанаса орналасады. Көмкерме жасушалардың цитоплазмасы
қышқылдық бояулармен қызыл түске боялған. Олардың мөлшері басқа безді
жасушаларға қарағанда үлкендеу келеді. Бұлардың дөңгелек келген ядролары
цитоплазманың орталығында жатады.
142 — сурет. Қарын түбі безі жасушаларының электронды микроскопиялық
кұрылысының нобайы. А — негізгі жасуша
а — митохондриялар, б — фанулалы эндоплазмалық тор, в ~ Гольдж кешені, г —
пепсиноген дəншелері, д — микробурлер, е — негіздік жарғақ, ж — ядро. Б —
париетальды жасуша 1 — өзекше, 2 — митохондрия, 3 — ядро, 4 — лизосома,
5 - Гольдж кешені.
Эндокринді жекеленген жасушалар түтікше бездің түбі мен денесінде
кездеседі. Ішқақпалық (пилорустық) бездер қарын
кілегейлі қабығының он
екі елі ішекке шығар аймағында орналасады. Ішқакпалық бездердің секрет
бөлетін соңғы бөлімдері қыска жəне тарамдалып жатады. Бездің қабырғасын
негізшен кілегейлі жасушалар түзеді.
Қарын түбінің түтікше бездерінің қабырғаларын құрайтын кілегейлі,
негізгі жəне көмкерме жасушалар құрамында пепсиноген ферменті, тұз
қышқылы жəне кілегей болатын карын сөлін бөледі. Кілегейлі кабыктың
етті тақташасын бірыңғай салалы ет ұлпасы құрайды. Борпылдақ дəнекер
ұлпалық кілегейліасты негізде қан, лимфа тамырлары мен жүйке ганглийлері
орналасады.
Карынның етті кабығы: ішкі киғаш, ортаңғы сакинаша, сыртқы ұзынша
кабаттардан тұрады. Карынның етті кабығын бірыңғай салалы ет ұлпасы
кұрайды. Ол үш қабаттан кұралған. Оның тым жұқа сыртқы ұзынша қабаты
(stratum longitudinalia) негізінен үлкен жəне кіші иіндердің бойымен өңештен
карын қакпақшасына (пилоруска) дейін созылып жатады. Ортаңғы сакинаша
Достарыңызбен бөлісу: |