298
паренхимасын
көптеген
көпбұрышты
бөлікшелерге
бөледі.
Бауыр
бөлікшелері — бауырдын құрылымдық жəне қызметтік бірлігі.
Бөлікшелер бауырдың
паренхимасын, ал оның
стромасын дəнекер ұлпалық
қапшық пен бөлікшелераралық борпылдақ дөнекер ұлпалық аралықтар
құрайды. Бауырға бауыр артериясы мен қақпалық вена артерия жəне вена
қанын алып келеді.
Бауыр артериясы мен
қақпалық вена бауырдың
дəнекер
ұлпалық
аралықтарында
кезегімен:
бөліктік, сегменттік,
бөлікшелераралық
артериялар
мен
веналарға
тарамдалады.
Бөлікшелердегі өт капиллярларынан қабырғасы бірқабатты текше тəрізді
эпителийден
құралған
бөлікшелераралық
өт
өзегі
түзіледі.
Бөлікшелераралық артерия, вена жəне
өт өзегі бөлікшелердің
аралығындағы борпылдақ дəнекер ұлпасында қатар орналасып,
"бауыр
үштігін" құрайды. Бұлардың ішінде бөлікшелераралық венаның арнасы кең
болады. Венаның жұқа қабырғасын эндотелий, негіздік жарғақ, сақинаша
орналасқан жекеленген бірыңғай салалы ет ұлпасының миоциттері жəне
сыртқы адвентиция құрайды. Бөлікшелераралық артерияның арнасы тар,
қабырғасы қалың болып келеді. Оның қабырғасы интима, медиа жəне
адвентиция қабықтарынан құралған. Бөлікшелераралық артериялар мен
веналар бөлікшелерді айнала шырмап жататын, перделік (септальдық)
артериялар мен веналарға тарамдалады. Аталған қан тамырлары бауыр
бөлікшелеріне кіріп таралып, бір-бірімен қосылып, бауыр бағандарының
аралығымен өтетін қойнауша (синусоидты) капиллярларды түзеді. Қойнауша
капиллярлар бөлікше орталығында бір-бірімен қосылып, бауыр бөлікшесінің
Достарыңызбен бөлісу: