К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


орталық бөліктерден тұрады. Ұйқы безінің өзегі



бет348/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

орталық бөліктерден тұрады. Ұйқы безінің өзегі (ductus pancreaticus) он екі
елі ішекке ашылады. Бұдан басқа, оның ішекке дербес ашылатын ұйқы 


безінің қосымша өзегі де (ductus pancreaticus accessorius) болады.

Ерекшеліктері. Жылқыда ұйқы безі без денесінен (орталық бөлік), оң
бөліктен (бездің басы) жəне сол бөліктен (без құйрығы) тұрады. 


147 - сурет. Ұйқы безі А — шошқа, Б — сиыр 
1 — сол бөлік, 2 — оң бөлік, 3 — орталық бөлік, 4 — он екі елі ішек, 5 — қақпалақ 
вена ойығы.
Оның өзегі бауыр өзегімен бірігіп, он екі елі ішекке ашылады. Кейде 

қосымша өзегі де кездеседі. Сиырда ол он екі елі ішек бойыңда орналасады.


Ұйқы безі денесінен (орталық бөлік), сол жəне оң бөліктен тұрады. Без өзегі 
он екі елі ішекке өт өзегінен 30 - 40 см кейін ашылады. Ал ұсақ малдарда
бездің құрылысы сиыр безіне ұқсас. Ұйқы безінің өзегі өт өзегімен бірігіп, 
бір бүртікке ашылады. Шошқада ұйқы безі денеден (орталық бөлік), оң жəне
сол бөліктерден тұрады. Бір өзегі болады. Итте ұйқы безі денеден, оң жəне 
сол бөліктерден тұрады. Без өзегі он екі елі ішекке өт өзегімен бірге
ашылады. 
Ұйқы безінің гистологиялық құрылысы 

Ұйқы безі құрсақ куысында, он екі елі ішек ілмегі аралығында 


орналасады. Ол сыртынан дəнекер ұлпалық қапшықпен қапталған.
Қапшықтан без ішіне тарамдала енетін дəнекер ұлпалық аралықтар без 
паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Болікшелераралық дəнекер ұлпалық
аралықтарда қан жəне лимфа тамырлары, жүйке талшықтары, ұйқы безінің 
бөлікшелераралық шығару өзектері, қапшықталған сезімтал жүйке ұштары
орналасады. Ұйқы безінің экзокринді бөлігі кұрылысы жағынан күрделі 
көпіршікше-түгікше бездер. Бөлікшелерді пішіні дөңгелек не сопақ келген
секрет бөлетін соңғы бөлімдер (альвеолалар, ацинустар) жəне ендірме 
бөлімдер мен ендірме өзектер кұрайды. Ұйқы безінің альвелоларының
қабырғасын негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан, пішіні конус тəрізді 
безді
эпителиоциттер 

(главдулоциттер)


түзеді.

Гландулоциттер


цитоплазмасының секрет белетін базальды бөлігі көкшіл түске, ал бөлінген 
бөлінді жиналатын апикальды бөлігі қызыл түске боялады. Олардың
дөңгелек келген ядролары цитоплазма орталығында негіздік жарғаққа 
жақындау орналасады.



301



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   344   345   346   347   348   349   350   351   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет