К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет343/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   607
диафрагмальды бет (facies diaphragmatica), артқы бетін висцеральды бет
(facies viceralis) — деп атайды. Дорсальды жиегі (margo dorsalis) доғал, 


вентральды жиегі (margo ventralis) жұқа да қырлы болып келеді. Бауырдың

оң жəне сол жиектері (margo dexter et sinister) болады. Доғал жиегінде өңеш 

батыңқысы (impressio oesophagea) мен артқы куыс венаның өтетін орны
көрінеді. Вентральды қырлы жиегіндегі бөлікаралық ойықтар (incisura 
interlobularis) бауырды оң бөлікке (lobus hepatis dexter), сол бөлікке (lobus
hepatis sinister) жəне олардың аралығындағы аралық бөліктерге бөледі. 
Бауырдың висцеральды бетінде жылқы, түйе жəне бүғыдан басқа
жануарларда өт қабы (vesica fellae) мен одан шығатын өт қабының өзегі 
(ductus cysticus) орналасады. Аралық бөлікті сол бөліктен жұмыр байлам
(іштөлінің бұрынғы кіндік венасы) — ligamentum teres, ал оң бөліктен өт 


қабы бөліп тұрады. Бауырды диафрагмамен байланыстыратын жұмыр
байламның жалғасы орақша байлам, одан əрі қысқа көлденең немесе тəждік 


байламға (ligamentum coronarium) ауысады. Бұл байлам оз кезегінде екіге
ажырап, оң жəне сол үшбұрышты байламдарға (ligamentum triangulare 

297
dextrum et sinistrum) жалғасады. Аралық бөліктің өзі қақпалық вена (v. 


portae) бауырға енетін бауыр қақпасы (porta hepatis) тұсынан: жоғарғы


қүйрықты бөлікке (lobus caudatus) жəне төменгі шаршы (квадратты)
бөлікке — lobus quadratus — бөлінеді. Құйрықты бөлік деп аталу себебі, бұл
бөлікте көп жануарларда құйрық өсіндісі (processus caudatus hepatis) болады.
Сөйтіп, бауырда төрт: оң, сол, шаршы жəне құйрықты бөліктер 
ажыратылады. Аталған бөліктер күйіс қайтаратын жануарларға тəн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет