К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет353/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

151- сурет. Тоқ ішектің кұрылысы 
1 - кілегейлі қабық, 2 — етті қабық, 3 — сірлі қабық, 4 — кілегейліасты негіз, 5 - 
ішектің ішкі бетіндегі бірқабатты призма тəрізді эпителий, 6 — құғыша жасуша, 7 -
кірмелер, 8 — өзіндік тақташа, 9 — етгі тақташа, 10 — кілегейліасты жүйке торабы, 11 - 
лимфа түйіншесі (фолликулы), 12 — қан тамырлары, 13 - етті қабыктың сақинаша қабаты,
14 — етті қабықтың ұзынша қабаты, 15 — сірлі қабықтың мезотелий қабаты. 
Ит тоқ ішегінің пішіні таға тəрізді болып келеді. Ол бүйеннен шыққан
бойда құрсақ қуысының оң жағымен алға қарай бағытталып, оң бөлікті, одан 
соң көкеттің бойымен солға бұрылып, диафрагмальды бөлікті, содан кейін
құрсақ қуысының сол жағымен артқа қарай бағытталып, сол бөлікті құрайды. 
Сол бөлік жамбас қуысына бағытталып, тік ішекке өтеді.

Тік ішек (прямая кишка) — intestinum rectum — жуан ішектің қысқа
соңғы бөлігі. Ол жамбас қуысында, құйымшақтың төменгі жағындағы 
шажырқайға ілініп тұрады. Тік ішек артқы тесік — ануспен аяқталады.
Анусқа өтер алдында тік ішек кеңейіп, тікішек ампуласын (ampulla recti) 
түзеді. Тік ішекті сірлі қабық тек құйымшақтың төменгі жағындағы бөлігін
ғана сыртынан қаптайды. Ал оның жамбас қуысынан тыс жатқан соңғы 
бөлігі сыртынан адвентициямен (борпылдақ дəнекер ұлпасымен) қапталған.
Тоқ 

ішектің 

гастологиялық 

құрылысы.
Жуан

ішектердің


қабырғалары да баска түтікше мүшелер сияқты кілегейлі, етті жəне сірлі 
қабықтардан тұрады. Тоқішектің кілегейлі қабығында төрт қабат: эпителий,
өзіндік тақташа, етті
тақташа жəне кілегейліасты негіз қабаттары болады. 

Кілегейлі қабығында ішек бүрлері болмайды. Тек, борпылдақ дəнекер


ұлпалық өзіндік тақташаға үңгілене енген, жиі орналасқан кірмелер 
(крипталар) болады. Бірқабатты призма тəрізді эпителий қабаты жиекті жəне
жиексіз энтероциттерден, құтыша (бокал тəрізді) жасушалардан құралған. 
Бокал тəрізді жасушалар тым көп. Эндокриңді жəне панет жасушалары
кездеспейді. Етті жəне сірлі қабықтарының құрылысы ащы ішек 
қабырғасының құрылысына ұқсас.

305



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет