К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет356/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   607
мұрын-соқалық мүше (organon vomero-nasale) бөлінеді. Ол кейбір


307
бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілерде мұрын-таңцай өзегі арқылы 


ауыз қуысымен байланысып, иіс сезімі қызметін атқарады.



Онтогенездің бастапқы кезеңінде мидың белсенді дамуына байланысты,
ұрықтың бас бөлімі қарқынды өсе бастайды. Осының нəтижесінде, оның 
сыртқы бетінде төмпектер мен сайлар пайда болады. Бастың бет бөлімінде
иіс сезімі шұңқыры, ауыз куысының саңылауы, жұп мұрын тесіктері, 
жоғарғы жəне төменгі жақ сүйектерінің өсінділері біліне бастайды. Бұдан
соң, иіс сезімі шұңқырлары біріншілік хоана тесіктерінің көмегімен ауыз 
қуысымен қатысады, ал жоғарғы жақ сүйегінің өсінділері бір-бірімен
қосылып, қатты таңдайдың негізін түзеді. Нəтижесінде ауыз бен мұрын 
қуыстары бір-бірінен оқшауланып бөлінеді де, бір-бірімен өзара қатты
тандайдан кейін орналасқан тұрақты хоана тесіктері арқылы ғана қатысып 
тұрады.
Көмекей мен кеңірдектің дамуы. Көмекейдің шеміршектік негізі
филогенезде IV , V жəне VI жұп желбезек доғаларының қалдықтарынан 
дамиды. Оның бүйір шеміршектерінің алғашқы жұбын қосмекенділерден
байқауға болады. Кейіннен олар өзара бірігіп, сакинаша шеміршекті түзеді. 
Бауырымен жорғалаушылар мен сүтқоректілерде сақинаша шеміршектің IV
жəне V желбезек доғалары қалдықтарынан дамыған дорсальды шеміршек 
тақташасы болады. Осы сақинаша шеміршектен каудальды бағытта кеңірдек
пен бронхтардың шеміршек пластинкалары қалыптасады. Көмекейдің бүйір 
шеміршектерінен ожауша шеміршектер бөлініп шығады. Сүтқоректілердің
көмекейі қабырғасында аталған шеміршектермен қатар, қалқанша жəне 
бөбешік шеміршектер де жетіледі. Бұлардың пайда болуы көмекейдің
атқаратын қызметіне тікелей байланысты болса керек. Бөбешік пен ожауша 
шеміршектер жұғыну кезінде көмекейдің кіреберіс тесігін жауып, азықтың
тыныс жолдарына түсіп кетпеуін қамтамасыз етеді. Ал қалқанша 
шеміршектің пайда болуы жұтқыншақтың етті мүше ретінде қалыптасуы мен
дыбыс мүшесінің жетілуіне байланысты. Өйткені, оған аталған мүшелердің 
бірқатар бұлшық еттері келіп бекиді.
Эмбриогенезде көмекей мен кеңірдек алдыңғы ішектің вентральды 
қабырғасынан томпайып қалыптасып, одан əрі дамып жетіледі. Алғашқыда,
ішек қабырғасында ұзынша сай байқалады. Кейіннен ол тыныс алу түтігіне 
айналады. Тыныс алу түтігі алдыңғы бөлігінің ішекпен байланысқан тұсынан
көмекей дамиды. Ал ішектен ажыраған оның каудальды бөлігінен кеңірдек 
пен бронхтар жетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет