Азық қорыту аппараты бойынша бақылау сұрақтары:
І.Ішкі мүшелерге жалпы сипаттама беріп, олардың құрылысына тоқталыңыз.
2.Түтікше мүшелер қандай қабықтардан тұрады? Олардың қабықтарының
құрылысына көңіл бөліңіз.
З.Дене куыстары, олардың сірлі қабықтары мен туындылары.
4.Азық қорыту аппараты қандай бөлімдерден тұрады? Оларға жататын мүшелерді
еске түсіріңіз.
5.Ауыз куысының мүшелері, олардың құрылысына тоқталыңыз.
б.Қызметі мен құрылысына байланысты тістің түрлері, олардың құрылысы.
Жануарлардың түрлеріне байланысты тіс формулалары.
7.Жұтқыншақтың құрылысы. Өңеш бөліктерінің кұрылыс ерекшеліктері.
8.Қарынның түрлері, олардың құрылысы.
9.Ащы ішектің бөліктері, олардың жануарлар түрлеріне байланысты құрылыс
ерекшеліктері.
10.Қабырғадан тыс жатқан ірі ас қорыту бездері, олардың құрылысы.
ІІ.Жуан ішектің бөліктері, олардың жаңуарлар түрлеріне байланысты ерекшеліктері.
12.Тақырып мəтініндегі қазақша-латынша терминдерді сөздікке көшіріп алып,
оларды жаттаңыз.
ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Тыныс алу аппараты (дыхательный аппарат) — apparatus
respiratorius — жануарлар организміндегі сыртқы тыныс алу процесін іс
жүзіне асырады. Тыныс алу мүшелерінің негізгі қызметі қанды оттегімен
қанықтыру жəне қаннан көмірқышқыл газын сыртқа шығару, яғни бұл
аппарат ауадағы оттегінің қанға өтуін, керісінше, қандағы көмірқышқыл
газдың ауаға шығарылуын қамтамасыз етеді. Бұнымен қатар, тыныс алу
мүшелері дененің қызуын реттеуге қатысады жəне эндокриңдік қызмет те
атқарады. Тыныс алу мүшелерінде иіс сезімі жəне дыбыс мүшелері
орналасады. Қызметіне байланысты тыныс алу аппараты: тыныс жолдары
жəне газ алмасу мүшесі болып екі бөлімге бөлінеді. Тыныс жолдарында ауа
құрамындағы шаңтозаңнан тазаланып, жылынып, су буымен дымқылданады.
Аталмыш бөлімнің мұшелері ауаның құрамындағы заттардың иістерін
анықтауға жəне дыбыс шығаруға қатысады. Тыныс жолдарына мұрын куысы,
аңқа (жұтқыншақтың ауа жұретін бөлігі), көмекей, кеңірдек, əр түрлі арналы
бронхтар (ауатамырлар), бронхиолалар (ауатамыршалар) жəне соңғы
(терминальды) бронхиолалар жатады. Газ алмасу бөлімін көпіршікті
(альвеолалы) бронхиолалар, көпіршікті жолдар, көпіршікті қапшықтар жəне
олардың қабырғаларындағы көпіршіктер (альвеолалар) құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |