К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет358/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   607
шеміршектері (cartilagines nasi) мен танау шеміршектері (cartilagines alares)
мұрын қанаттары мен танауды тұрақты ашық қалыпта ұстап турады. Танау 
шеміршектерінің құрылысы мен бігімі əр түрлі жануарларда түрліше болып
келеді.


309
Мұрын ұшындағы жұп тесік қабырғаларының негізін перделік 


шеміршектің дорсальды жəне вентральды жиектерінен, оның екі бүйіріне


қарай бағытталған бүйірлік латеральды жəне вентральды мұрын 


шеміршектері (cartilago nasi lateralis et ventralis) құрайды.
Мұрын

сыртынан


терімен

қапталған.


Оның

мұрын
тесіктері 


айналасындағы түксіз жəне тұрақты суланып тұратын пигменттелген
аймағын мұрын қаңсары (planum nasale) — дейді. Оның қабырғасында 
үздіксіз сірлі сұйық бөліп тұратын сір бездері болғандықтан, қаңсардың
сыртқы беті əр уақытта дымқылданып тұрады. Оның температурасы дене 
қызуымен салыстырғанда салқындау келеді. Ал қаңсардың сыртқы бетінің
құрғақ болуы — жануарлар дене қызуының жоғарылағандығының белгісі. 
Оның айналасындағы теріде жекеленген сезімтал түктер байқалады.
Мұрын қуысы ішкі бетінің тек алдыңғы жағы ғана тері тектес кілегейлі 
қабықпен қапталған. Бұл аумақты мұрын кіреберісі (vestbulum nasi) — деп
атайды. Ал мұрын қуысының қалған бөлігін өзіндік мұрын қуысы (cavum 
nasi proprium) дейді. Демек, мұрын куысы бір-бірінен анық ажыратылатын
екі бөліктен тұрады. Мұрын иреберісінің кілегейлі қабығы көпқабатты 
жалпақ эпителиймен, ал өзіндік мұрын қуысының кілегейлі қабығы
бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. Мұрын 
куысының кілегейлі қабығы мұрын пердесі бетінде тегіс болып келеді. Ал
бүйір қабырғасында ол кеуілжірдің пішінін қайталайды. Мұрын қуысының 
артқы жоғарғы жағындағы иіс сезімі мүшесі орналасқан кілегейлі қабық
аймағы ұяшық тəрізді əр түрлі пішінді қатаарлар түзеді. 
Əрбір мұрын куысында ауа жүретін төрт мұрын жолы болады. Олар
мұрын куысының бүйір қабырғасындағы дорсальды жəне вентральды мұрын 
кеуілжірлерінің қатысуымен бөлінеді. Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет