311
байланысып жатады. Танау сүйектің екі бүйірінде танау шеміршектері
орналасады. Олар артқы бағытта бүйірлік мұрын шеміршектерімен
жалғасады. Танау сүйектің вентральды бөлігінен біз тəрізді
латеральды
қосымша шеміршек (cartilago accessoria lateralia) бөлінеді. Ол мұрын
тесігінің латеровентральды қабырғасында жатады. Шошқаның деңгелек, не
сөл сопақша келген мұрын қуысы жалпақ тұмсықта орналасады. Мұрын
куысының дорсальды кеуілжірі ұзын жəне жіңішке болып келеді. Ал
вентральды кеуілжір дорсальды жəне вентральды оралымдардан тұрады.
Олардың қуысы ортаңғы жəне вентральды мұрын жолдарымен қатысады.
Ит мұрнының негізін құрайтын шеміршек жақсы жетілген. Ол тұмсық
сүйектің жоғарғы жағынан алға қарай сəл шығып тұрады. Осының
нəтижесінде
мұрын
ұшы
қозғалмалы
келеді.
Мұрын
тесіктерінің
айналасында пигменттелген қаңсар болады. Оның орта тұсында қаңсар сайы
жатады. Мұрын тесігінің пішіні дөңгелектеніп келген. Танаудың дорсальды
қабырғасының негізін дорсальды бұйірлік мұрын шеміршегі, ал вентральды
қабырғасын латеральды косымша шеміршек түзеді. Мұрын қуысының
қабырғасында ұзынша танау қатпарларымен қатар, қиғаш жəне параллельді
катларлар болады. Вентральды мұрын кеуілжірі күрделі шытырман
оралымдардан құралған. Иіс сезімі шытырманының құрылысы да кұрделі
болып келеді.
Шошқа мен итте мұрын-көзжасы өзегі вентральды мұрын кеуілжірінің
артқы бөлігі тұсында вентральды мұрын жолына ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: