К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 — сурет. Мұрын куысының кілегейлі қабығы (Элленбергер жəне Траутман



бет363/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   607
153 — сурет. Мұрын куысының кілегейлі қабығы (Элленбергер жəне Траутман 

бойынша) А — тыныс алу аймағы; Б — иіс сезімі аймағы
а — бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителий, б — өзіндік тақташа, в — мұрын 
куысының бездері, г — одардың шығару өзектері, д — артерия, е - вена, ж - жүйке.

Мұрын қуысы кілегейлі қабығының сарғыш түсті жоғарғы жəне артқы 


аймақтарында иіс сезімі мүшесі орналасады. Бұл аймақтың құрылысы иіс
сезімі мүшесі тақырыбында толық баяндалады. 
Мұрын қуысының кілегейлі қабығында қорғаныс қызметін атқаратын
лимфа түйіншелері орналасады. 
Аңқа (носоглотка) — nasopharynx — жұтқыншақтың ауа өтетін бөлігі.
Ол мұрын қуысын көмекеймен жалғастырады. Аңқаның кілегейлі қабығы 
тыныс жолдарына тəн бірқабатты көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен
астарланған. Эпителий қабатының астында борпылдақ дəнекер ұлпасынан 
тұратын өзіндік тақташа болады. Қалған қабаттары мен қабықтары
жұтқыншақта баяндалған. 
КӨМЕКЕЙ 

Көмекей (гортань) — larynx — аңканы кеңірдекпен жалғастыратын
түтікше мүше. Ол тіласты сүйекке бекіп тұрады. Көмекей тыныс алуға 
қажетті ауаны екі бағытта өткізеді; жұтыну кезінде тыныс жолын жауып,
азықтың кеңірдекке түспеуін қамтамасыз етеді; кеңірдекті тіласты сүйекке 
бекітеді; жұтқыншақтың каудальды тарылтқыш бұлшық еттері мен өңешке
тірек қызметін атқарады; жануарлардың дыбыс шығару мүшесі. 
Көмекей түтікше мүше ретінде үш: ішкі кілегейлі, ортаңғы шеміршекті-
талшықты жəне сыртқы адвентиция қабықтарынан тұрады. Көмекейдің 

313
негізін бір-бірімен қозғалмалы байланысқан үш тақ, бір жұп, барлығы 5 


шеміршек құрайды:


Сақинаша шеміршек (кольцевидный хрящ) — cartilago cricoidea –тақ
гиалинді шеміршек. Оның жоғарғы жағында сакинаша шеміршектің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   359   360   361   362   363   364   365   366   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет