К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет362/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Мұрынмаңы қойнаулары (sinus paranasales) негізінен жалпақ
бассүйектердің ішкі жəне сыртқы сүйек тақташалары аралығында орналасып, 
мұрын қуысымен тесіктер арқылы қатысады. Қойнаулар ішкі жағынан
кілегейлі қабықтармен астарланған. Бұларға жоғары жаққойнауы (sinus 
maxillaris), маңдай қойнауы (sinus frontalis), сынаша қойнауы (sinus
sphenoidalis), 


таңдай қойнауы (sinus palatinus) жатады. Аталған
қойнаулардың даму деңгейі көп жағдайда азу тістердің көлеміне, мандай 
сүйектің мүйіз өсінділерінің жетілуіне тікелей байланысты. Аталған
қойнаулар сиыр мен ұсақ малдарда өте жақсы, жылқы мен шошқада 
біршама тəуір, ал итте нашар жетілген.


152 - сурет. Мұрын ұшы A — ит, Б — шошқа, В — сиыр, Г — қой, Д — жылқы 
1 — вентральды бүйір мұрын кднаты, 2 — медиальды жоғаргы мұрын қанаты, 3 —
мұрын тесігі, 4 — қаңсар, 5 — қанатарапық сай, 6 — мүрын-ерін қаңсары, 7 — жалған 
мұрын тесігі, 8 — мұрын қалташасының орны, 9 — көзжасы-мұрын өзегінің тесігі


Мұрын куысының гистологиялық құрылысы. Мұрын қуысы іші
қуыс түтікше мүше. Мұрын қуысының қабырғасы үш қабықтан құралған. 
Оның сыртқы қабығы жануарлардың бас аумағындағы тері-етті қабық.
Мұрын қуысының ортаңғы қабығының негізін бассүйектер мен шеміршектер 
құрайды. Ал мұрын қуысының ішкі бетін оның кілегейлі қабығы астарлайды.
Мұрын қуысы кіреберісінің кілегейді қабығы құрылыс жағынан тері типтес, 
яғни ол екі қабаттан тұрады. Бұл бөліктің кілегейлі қабығында шаң тозаңды


312
ұстайтын тері түктері мен бездер болады. Мұрын қуысы кіреберісін 


көпқабатты жалпақ эпителий астарлайды. Эпителий астындағы өзіндік


тақташа борпылдақ дəнекер ұлпасынан тұрады. Өзіндік мұрын қуысының 
кілегейлі қабығы құрылысына байланысты екіге бөлінеді. Мұрын қуысы
кілегейлі қабығының алдыңғы аймағын құтыша жасушаларға бай бірқабатты 
көпқатарлы кірпікшелі эпителий астарлайды. Өзіндік тақташаны эластин
талшықтары көп борпылдақ дəнекер ұлпасы құрайды. Өзіндік тақташада 
кілегей бөлетін бездер болады. Өзіндік тақташаның төменгі қабаттарындағы
кең куысты веналар қанға толған кезде кілегейлі қабық ісініп, мұрын қуысы 
сəл тарылып, қанның қызуымен мұрын қуысындағы ауа жылынады. Құтыша
жасушалар мен өзіндік тақташадағы бездер бөлетін кілегей мұрын куысының 
ішкі бетін сылап, ауа құрамындағы шаң-тозаңдарды жабыстырып ұстайды.
Кілегей құрамындағы су буланып, ауаны дымқылдайды. Демек, ауа мұрын 
куысы арқылы өткен кезде шаң~тозаң тазаланып, дымқылданып жылынады.
Шаң-тозандарды өзіне жабыстырған кілегей қақырыққа айналып, қақырыну 
жəне түшкіріну арқылы сыртқа шығарылады. Сөйтіп, мұрын қуысы қорғаныс
қызметін де атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет