К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет365/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Көмекей қуысы (cavum laryngis) ішкі бетін кілегейлі қабық астарлайды.
Көмекейге кіреберіс тесікті (aditus laryngis) төменгі жағынан көмекей 
қақпағы бөбешік, екі бүйірінен ожауша-бөбешік қатпарлары жиектеп
жатады. Бөбешіктің негізін бөбешік шеміршек, ал қатпарлардың негізін 
ожауша шеміршектің мүйізше өсінділері түзеді. Бөбешік көмекей куысын
жұтыну кезінде жауып тұрады. 

314
Көмекейдің бүйір қабырғасының оң жəне сол жағындағы кілегейлі 


қабықта қатарынан орналасқан кіреберіс жəне дыбыс қатпарлары болады.


Осы қатпарлардың аралығында көмекей қарыншасы (ventriculus laryngis) 
орналасады. Кіреберіс қатпарының (plica vestibularis) негізін көмекей
қарыншасының алдыңғы жағындағы қарынша бұлшық еті (m. ventricularis) 
түзеді. Дыбыс қатпарының (plica vocalis) негізін қалқанша шеміршек
денесіне қарай бағытталған ожауша шеміршектің дыбыс өсіндісі құрайды. 
Дыбыс қатпарында дыбыс сіңірі (ligamentum vocale) мен дыбыс бұлшық еті
(m. vocalis) жатады. Бұлар көмекей қарыншасынан кейін орналасады. 
Көмекей қуысының дыбыс қатарларына дейінгі бөлігін көмекей 

кіреберісі (vestibulum laryngis) — дейді. Көмекей кіреберісінің кілегейлі
қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Оның вентральды 
қабырғасында, бөбешіктің табанында жайпақ шұңқырша көмекейдің 

орталық қалтасы (recessus laryngis medianus) болады.
Көмекей қуысының ожауша шеміршектер мен дыбыс қатпарлары 
аралығында жатқан бөлігін дыбыс саңылауы (rіта glottidis) — деп атайды.
Оның кеңейіп келген жоғарғы дорсальды бөлімін шеміршекаралық бөлік 
(pars intercartilaginea), ал дыбыс қатпарлары аралығында жатқан вентральды
бөлімін

жарғақаралық бөлік (pars intermembranacea) — дейді.
Жарғақаралық бөлікті дыбыс аппараты (glottis) — деп те атайды. Көмекей 
қуысының дыбыс қатпарларынан кейінгі бөлігінің кілегейлі қабығы
көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет