Бастапқы бүйрек немесе бас аумагындағы бүйрек (pronephros)
дененің бас бөлігінде, 2-10 -ыншы дене сегменттері тұсында қалыптасады.
Бүйрек негізінен 3-4 жұп құйғышты (воронкалы) өзекшелерден тұрады.
Əрбір өзекше қүйғышы маңында қан капиллярлар шумақшасы дамып
жетіледі. Бастапқы бүйрек дөңгелекауызды жəне кейбір сүйекті балықтарда,
қосмекенділер дернəсілдерінде болады.
Аралық бүйрек немесе тұлғалық бүйрек (mesonephros) бастапқы
бүйректен кейін, 10-30 -ыншы дене сегменттері тұсында, яғни дене
тұлғасында қалыптасады да, бастапқы бүйректі алмастырады. Аралық
бүйректе нефрондардың денедегі метамериялық (сегменттік) орналасуы
бұзылады жəне целомамен байланысы үзіледі. Осының нəтижесінде ол
қомақты бүйрекке айналады. Бүйрек нефрондарының тостаған тəрізді
кеңейіп басталатын ұшы, қан капиллярлары шумақшасының қапшығына
(капсуласына) айналып, бүйрек денешіктерін түзеді. Аралық бүйрек
балықтар мен қосмекенділер сыныптары (кластары) өкілдерінде негізгі зəр
түзуші мүше болып табылады. Ал құстар мен қосмекенділерде ол тек
эмбриондық даму кезеңінде ғана уақытша қызмет атқарады.
Тұрақты бүйрек немесе жамбастық бүйрек (metanephros s. ren) аралық
бүйректен кейін, 31-32 -нші дене сегменттері тұсыңда қомақты мүше болып
қалыптасады. Тұрақты бүйрек бауырымен жорғалаушылар, құстар жəне
сүтқоректілер сыныптары өкілдеріне тəн.
Үй жануарларының онтогенезінде бүйрек мезодерманың нефротомынан
(сегменттік аяқшалардан) дамиды. Даму кезіңде, іштөлі денесінде ол
филогенездегі бастапқы, аралық жəне тұрақты бүйректер сатыларын
қайталап өтеді. Бастапқы бүйректің қалыптасуы дене сегменттерінің бас
аумағында тым жедел жүреді. Сондықтан, оның сүтқоректілердегі даму
процесінің мерзімін анықтау қиынға соғады. Бастапқы бүйректен кейін
қалыптасатын аралық бүйрек іштөлі организмінде уақытша зəр түзу қызметін
атқарады. Ал клоакалы жануарларда (үйректұмсық, ехидна) жəне қалталы
(кенгуру жəне т.б.) сүткоректілерде аралық бүйрек эмбриондық кезеңнен
кейін де, зөр түзу қызметін біраз уақыт жалғастырады. Аралық бүйректің зəр
шығару өзегі несепағар — деп аталады да, клоакаға ашылады. Аралық
бүйректен кейінгі жамбас сегменттерінде тұрақты бүйрек қалыптасады.
Оның негізгі зəр түзуші бөлігі нефрондар, мезодерма нефротомының
нефрогенді ұлпасынан, ал бүйрек түбегі мен несепағар аралық бүйрек
несепағарының соңғы бөлігінен дамиды. Куық пен несепшығар өзегі
аллантоис пен клоакадан жетіледі.