К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


 - сурет. Жылқының зəр бөлу мүшелері



бет381/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   607
161 - сурет. Жылқының зəр бөлу мүшелері 
1 — оң бүйрек (жүрек пішіндес), 2 — сол бүйрек, 3 — несепағар, 4 — 5 — оң жəне
сол бүйрекүсті безі, 6 — клоака, 7 — 8 — бүйрек артериялары, 9 — кіндік артериясы, 10— 
куыктың төбесі, 11 — куыктың денесі, 12 — куыктың мойны, 13 — несепағар
білеуліктері, 14 — куық үшбұрышы, 15 — несепағар тесігі, 16 — несепағар катпарлары, 
17 — несепшығар қыры.


Бүйрек (почка) — rеп, s. nephros — пішіні бұршақ тəріздес, кызыл-
қоңыр түсті, қомақты жұп мүше. Ол негізгі зəр бөлу мүшесі. Бүйрек
организмдегі кан қысымын жəне су-тұз алмасуын реттеуге де қатысады. 
Бүйрек құрсақ куысының бел аумағында, бел омыртқалардың вентральды
бұлшық еттерінің төменгі бетінде, олармен жанасып жатады. Ол сыртынан 
бүйрек майы капшығымен (capsula adiposa) капталған. Оның төменгі беті
құрсақ куысы сірлі кабығы ішпердемен жанасып, онымен тек төменгі жəне 
екі бүйір беттері ғана капталған. Бүйректің ішкі медиальды ойыс бетіндегі
кан, лимфа тамырлары мен жүйкелер енетін жерін бүйрек кақдасы (hilus 
renalis) – деп атавды
Бүйректі кақжарып кесіп қарағанда, оның кескінінде бір-бірімен айкын 
ажырайтын үш аймақ көрінеді. Олар: бүйректің сыртқы фиброзды
капшығымен жанасып жаткан шеткі қызғылт-қоныр түсті несеп түзгіш 


кыртысты аймақ (cortex renis), ішкі несеп өткізгіш бозғылт аймақ (medulla
renis) жəне осы екеуінің аралығындағы қоңыр түсті, ірі қан тамырлары өтетін 


шекаралық аймақ (zona intermedia).
Бүйректің кыртысты аймағында қаннан зəрдін түзілуін іс жүзіне 
асыратын қоңыр-қызыл түсті көптеген ұсақ бүйре денешіктері (corpuscula
renis) мүшенін сыртынан ішіне қарай қатарласып
орналасады. Оларды бір-

бірінен сəуле тəрізді өтетін ішкі өзекшелер қатарлары ажыратып тұрады.


Бүйрек денешіктерінің кұрылысын микроскоп арқылы ғана анық көруте 
болады. Ішкі бозғылт аймақ бүйрек пирамидаларынан (pyramides renales)
құралған. Пирамидалардың табандары буйректің шетіне қарай орналасып, 
олардан бүйректің қыртысты аймағына карай ішкі сəулелер кетеді. Ал
бүйректің ішкі жағына қарай бағытталған пирамидалардың төбелері бүйрек 


емізікшелері (papilla renalis) — деп аталады. Шекаралық аймактағы доғалық
артериялардан 
бүйректің
қыртысты 
аймағына
сəулелі

(радиальды)


артериялар тарамдалады. Аталған артериялардың екі жағында қатар-қатар 
болып, бүйрек денешіктері орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет